Атырау, 29 қараша 15:30
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

UFC Нурмагомедовке Макгрегорды жеңгеннен кейін санкция қолданды

1 658 просмотра


Нурмагомедов екі миллион доллар, ал МакГрегор үш миллион доллар алуы тиіс болатын. Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) президенті Дэйна Уайт ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жегінен кейінгі жанжалдың салдарына қатысты түсініктеме берді.

Еске сала кетейік, алдымен Нурмагомедов октагонның торынан қарғып түсіп, Макгрегордың  спарринг серіктесі Диллон Дэниспен төбелесе бастады, содан кейін торға Хабиб командасының өкілдері кіріп, ирландиялыққа жұдырық ала жүгірді, деп хабарлады Sports.kz.   

"Макгрегордың гонорары мақұлданды, ал Нурмагомедовтың гонорары оқиғаны тергеу кезінде бұғауда болады", — деді Уайт. 

Бұған дейін Sputnik Қазақстан Нурмагомедов екі миллион доллар, ал МакГрегор үш миллион доллар алуы тиіс екенін хабарлаған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда T-Mobile Arena-да тағы бір ірі жекпе-жек өткен болатын: қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасты. Ол кезде "Канело" төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Олардың бұған дейінгі жекпе жегі 2017 жылы өтіп, тең ақталды.  

Дереккөз: sputniknews.kz

8 қазан 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.