Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек жаппай төбелеспен аяқталды.
Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ.
Бірінші раундты ережесіз жекпе-жек шеберлері партерде өткізді. Хабиб күресу арқылы қарсыласын қыспаққа алып, әдіс жасауға асықты. Ирландиялық спортшы сәтті қорғана білді.
Екінші раундта спортшылар тұра жүріп жұдырықтасты. Хабибтің тура бір соққысы Конорды бір есеңгіретті. Ал раунд соңына қарай ирландиялықты гонг дауысы құтқарып қалды. Үшінші раундта октагондағы шайқас теңескендей көрінген. Төртінші раундта ресейлік күткен әдісін жасады. Конорды тұншықтыру арқылы, жеңілгенін мойындатты.
Жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты. Ресейлік спортшы ирландиялық спортшының спарринг қарсыласы Диллон Дэниске жұдырық ала жүгірді. Ал UFC қатысушыларының бірі, Хабибтің досы Зубаира Тухугов октагонға шыға сала Конормен шайқаса кетті. Тәртіп сақшылары жағдайды реттеп, екі спортшыны алаңнан алып шығуға асықты.
Жаппай төбелеске қатысты UFC шешімі қандай болатыны белгісіз. Бұған қатысты ұйым алдағы уақытта өз шешімін шығаратын болады.
Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.
Дереккөз: vesti.kz