Вашингтонда өткен наразылық шарасынан соң 302 ереуілші ұсталды. Капитолий полиция басқармасы осылай дейді. Акцияға қатысушылар АҚШ Жоғарғы сотына судья болып Бретт Каваноның тағайындалуына қарсы.
Дональд Трамптың жақтасы бұл кандидатураға ұсынылғаннан кейін, бірден үш әйелден Бретт Каваннодан 1980 жылдары әлімжеттік көргені жайлы шағым түскен. Ол Сенат тыңдалымында бұл айыптың жалған екендігін айтты.
Басым көпшіліктің дауысымен кандитаттың лауазымға тағайындалуы мақұлданды. Дегенмен, тергеу жұмыстарын жүргізу де тапсырылды. Ешқандай айғақ табылмағанына қарамастан, жергілікті тұрғындар тарапынан наразылық шарасы тоқтар емес.
Республикалық фракция сенатының көшбасшысы Митч Макконнеллдің мәлімдеуінше, Кавано кандидатурасы толығымен осы сенбі күні мақұлданбақ. Ал наразылық шарасында ұсталғандар аты-жөні анықталған соң үйлеріне жіберілді. Дегенмен, заң бойынша оларға айыппұл салынуы мүмкін.
Дереккөз: 24.kz