Атырау, 14 қаңтар 20:01
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​​Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы кімге берілгені анықталды

2 250 рет қаралды


2018 жылы Нобель сыйлығының бейбітшілік премиясы Денис Мукве мен Надя Мурадқа сексуалдық зорлыққа қарсы күрес жұмыстары үшін берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

РИА Новости мәліметінше, бұл туралы Осло қаласында Норвегиялық Нобель комитеті мәлімдеген.  Биыл осы премияға 329 үміткер болды, оның 112-і қоғамдық және халықаралық ұйымдар. Бейбітшілік премиясы - 19 ғасырдың соңында Альфред Нобельдің бес сыйлығының біреуі.

 Марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда Осло қаласында өтеді. Дәл осы күні Нобель сыйлығының құрылтайшысы швециялық кәсіпкер әрі ойлаптапқыш Альфред Нобель (1833-1896) қайтыс болған еді. 

2018 жылы Нобель сыйлығының иеленген әр жеңімпазға 9 миллион швециялық крон (бір миллион доллар) беріледі.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қазан 2018, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.