Атырау, 26 сәуір 14:30
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Ипотекасын төлеу үшін қазақтар Кореяға кетіп жатыр», «Хиджаб, қысқа белдемше... һәм қыздар», «Бізде сәбидің өзі шет елге 10 мың доллар қарыз боп туады», «Субсидия беретін комиссиялар жойылады», «”Тозақ отынан” оралған әйел».

2 208 просмотра

INFORMBURO.KZ. «Ипотекасын төлеу үшін қазақтар Кореяға кетіп жатыр» - Оңтүстік Кореяда жұмыс жасайтын қазақ жігіті он есе көп табыс тауып жатқанын айтады. Ол үшін ипотеканы төлеудің ең тиімді жолы осы болған.

«Доллар бағамы тұрақсыз. Ақшаны қалай сақтасам болады?» - Informburo.kz валюталар бағамы тұрақсызданғанда немесе өскен кезде, ақшаны қалай, қайда жаратудың үш түрлі тәсілі туралы айтып береді.

AZATTYQ.ORG. «Қазақстандағы ұйғырлар қысымнан енжар болып қалды» -  Қазақстандағы ұйғырлар қауымдастығы Шыңжаңда қамалған жақындарын белсенді түрде іздеп, жиі үндеу жасауға бейіл емес. Азаттық мұның себебін Дүниежүзілік ұйғырлар құрылтайының бас кеңесшісі Қаһарман Қожамбердіден сұрады.

TURKYSTAN.KZ. «Есірткі шегіп, есі кеткендер» - Елімізде есірткілік заттар емін-еркін саудалануда. Ғаламтор арқылы, әрине. Бүгінгі күні, әсіресе интернет сайттар арқылы синтетикалық есірткілердің саудасы қызып тұрғанға ұқсайды. 

«Хиджаб, қысқа белдемше... һәм қыздар» - Кей мәселеге келгенде кеңестік кезеңнің жақсы жақтарын еріксіз айта жөнелетініміз бар. Себебі қоғамның әр мүшесі өз қызметін, өз орнын білетін еді. Дәлірегінде, ұстаз – ұстаз, оқушы – оқушы. Өзін-өзі ұстауында да, киім киісінде де көзге көпекөрнеу ерекшелік байқалмайтын. Ал қазір ше?

AIKYN.KZ. «Субсидия беретін комиссиялар жойылады» - Жаңа жылдан бастап ауылшаруашылық саласында субсидия беру үдерістері толығымен автоматтандырылған жүйеге көшеді. Бұл өзгеріс субсидия алу уақытын жеделдетіп, жемқорлықты азайтады деген үміт бар. 

EGEMEN.KZ. «Алимент әке бола ма?!» - Әке тәрбиесін, ұлағатын көрмей өскен перзенттің тәрбиесі толымды деп айта алмасақ керек. Оған әрине, жетімдіктің ащы дәмін татып жатқан жеткіншектердің еш кінәсі жоқ. Бар гәп асқар тауға балаған, бала дегенде емешегі үзіліп тұруға тиісті, бірақ бұл күнде бар қасиетінен ада болған, кісілігі кеміген әкеде. 

ELORDA.INFO. «Желілік маркетинг опық жегізбесін» - «30 қыркүйекте ойламаған жерден табыс табуға арнап балауыз жағуға болады. Астана уақытымен сағат 16:30-да оңтүстікке қарап жасыл майшам жағасыз. Басқасы болмайды және доңыз жылындағыларға арналмаған. Бәріңізге сәттілік.» Бұл – өзін инстаграм желісінде қазақ нумерологиясының эксперті, кәсіпкер, тележүргізуші ретінде жеке блогын жүргізіп жүрген Айнұр Асанбердінің жазбасы.

QAZAQUNI.KZ. «Мұхтар Шаханов: Бізде сәбидің өзі шет елге 10 мың доллар қарыз боп туады» - Қазақстанның сыртқы борышы қысқарып жатқанымен, мемлекет әлі 100-ден аса елге қарыз. Ұлттық банк таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның сыртқы қарызы биылғы жылдың екінші тоқсанында 2 миллиард 200 миллион долларға қысқарған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

JASQAZAQ.KZ. «”Тозақ отынан” оралған әйел» - «Сирия даласында жүрген кезде әскери ұшақтар тастаған бомбалардың астында бірнеше рет қалған сәттеріміз болды. Осындай төтенше жағдайларға арнап сөмке дайындап қоятынбыз. Онда ең керек деген заттарымыз сақталатын. Өзімнен бұрын балаларым үшін қатты қорқатынмын. «Сендер қазақсыңдар. Туған елдерің – Қазақстан. Мен олай-бұлай болып кетіп жатсам, сұраған адамдарға осылай айтыңдар» деп, балаларымды үйретіп отыратынмын. Сирияда өткен бес жыл мен үшін нағыз тозақ оты болды. 


4 қазан 2018, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.