365INFO.KZ. «Мағбат Спанов: “ Санкциялық соғыстың көкесі әлі алда”» - Дағдарыстың шеті мен шегі бар ма? Келер жылы елді не күтіп тұр? Тұралаған экономиканы қолтығынан демейтін қауқар қалды ма Үкіметте? «Форбсқа» сұхбат берген танымал экономист Мағбат Спанов осы төңіректегі болжамдарымен бөліскен екен.
«Оғыз Доған: “Орамал дауы Түркияны екіге жарды”» - Қазақ тілінің мүддесін қорғап отқа да, суға да түскен түрік журналисі Оғыз Доған Қазақстандағы орамал дауына қатысты алаңдаушылығын білдіріпті. Оның айтуынша, дәл осындай мәселе Түркияда да орын алған.
AZATTYQ.ORG. «Қытайда "қысыммен түсік жасатқан" әйел» - Қазақстандыққа күйеуге шыққан Қытай қазағы Азаттыққа былтыр қазан айының соңында Шыңжаңдағы туған жері – Бурылтоғайға төркіндеп барған кезінде "саяси лагерьге қамалу қаупі туып, жергілікті биліктің қысымымен жасанды түсік жасатқанын", "өкпе дертіне шалдыққанын" айтты.«Коррупция дауынан соң компания басшысын қызметтен алды» - "Қырғыз темір жолы" мемлекеттік компаниясына қатысты жанжалдан соң кәсіпорынның бас директоры Алмазбек Ногойбаев қызметінен кетті. Азаттыққа жауабында ол сырқатына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз екенін, өзіне қатысты жаңалықты интернеттен білгенін айтты.
«Анатолий Чепиганың жаңа суреттері табылды» - Азаттық радиосы мен The Bellingcat зерттеу тобы ашық дереккөздерден Ұлыбританияда Сергей және Юлия Скрипальдерді "Новичок" газымен улауға күдікті саналатын Руслан Бошировқа қатты ұқсайтын Анатолий Владимирович Чепиганың бұрын БАҚ бетінде жарияланбаған тағы бір суретін тапты.
«"Әблязовқа алданған" Нұржаубайға шартты жаза кесілді» - Қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязов пен оның қозғалысына қатысы бар деп айыпталған белсенді Әсет Нұржаубайға қатысты сот аяқталды. Нұржаубай соңғы сөзінде "Әблязовтың сөздеріне алданғанын", өз ісіне "өкінетінін" айтқан.
ABAI.KZ. «Бұл кісі дін мен діни бірлестікті ажырата алмай ма?» - 27-қыркүйекте Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасында жиын өтіп, депутат ханымдар мен мырзалар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі рет оқып, қабылдамай, Мәжіліске қайтарған еді.
TURKYSTAN.KZ. «Жазушы – халықтың алтын қаламы» - 1993 жылы Алматы теледидарында Бас редактор болып жүрген кезімде Қазақ теледидары Бас директорының бірінші орынбасары қызметіне жоғарылап, Шерхан Мұртазамен етене араластым. Тікелей бастығым, Бас директор Рафаэль Жұмабаев – Қазақ теледидарында көптен бері қызмет атқарып жатқан тәжірибелі журналист, осы саланың білгірі. Ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін Рәкең басшылық пен шығармашылықтың қос тізгінін қатар ұстай білетін азамат.