Атырау, 17 сәуір 00:30
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

«Санкция ма? Ресей экономикасы былқ етпейді», «Балташ Тұрсымбаев: Президент жаман түс көріп, жақсылап ұйықтай алмаса, сайлау өтуі мүмкін», «Бүйтіп қорлағанша, мені атып тастасын…», «Әлемде қай президенттің рейтингі жоғары?».

2 106 просмотра

365INFO.KZ. «Санкция ма? Ресей экономикасы былқ етпейді» - «Бүгін Ресей мен ресейдің экономикасы туралы көптеген сарапшыларды тыңдадым. Олар саясатпен байланысы жоқ кәсіпқой мамандар, шетелдіктер», деп жазады қазақстандық сарапшы Айдан Кәрібжанов өз парақшасында. 

«”Көнбесең…” Путин АҚШ санкциясына жауап беру үшін Қазақстанды пайдаланғалы отыр» - АҚШ-тың санкциясына қайта-қайта ұрынған Ресей Еуразиялық экономикалық одақты оған қарсы қару ретінде қолданбақ.

AZATTYQ.ORG. «Қарулы күзет, темір төсек және партия туралы өлең жаттау» - Қытайда биыл "саяси-тәрбиелеу орталығында" екі ай отырып келген адамның эксклюзивті сұхбаты. Ол қамауға қалай алынғанын, лагерде не көргенін, онда қандай тәртіп пен ереже барын, не үйретіп, нені уағыздайтынын, қамалғандардың жас айырмашылығы, ұлты, саяси көзқарасы қандай екенін айтып берді.

«Программист қыздар аз болғандықтан басында қобалжыдым» - АҚШ-тың Apple компаниясында істейтін Моңғолия қазағы Әйгерім Сәулетқанқызы бала күнінен бастап бұзылған жабдықтарды жөндеуге құмар болғанын айтады. Батыста оқыған программист қыз Азаттық тілшісімен әңгімеде IT саласына қалай келгені туралы әңгімелейді.

«Индонезиядағы жер сілкінісінің зардабы» - Индонезияның Сулавеси аралында болған жойқын жер сілкінісі мен соның салдарынан болған биіктігі 3 метрден асатын цунамиден қаза тапқандардың саны 1200-ден асты. Құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін – көшкін шайып кетуі мүмкін таудағы шалғай ауылдарға құтқарушылар әлі жетпеді.

«Кәсіпкер қайырымдылық істерін неге жасырады?» - Қайырымдылық әлемнің іскер адамдары арасында трендке айналды. Бұл фактор оның бизнеспен ара-жігін жақындатып жіберді.

AIKYN.KZ. «Әлемде қай президенттің рейтингі жоғары?» - Шындығында қай елдің басшысына қазіргі уақытта жұртшылық сеніммен қарайды? Анығына келсек, бұл қаншалықты ақиқат?

QAZAQTIMES.COM. «Балташ Тұрсымбаев: Президент жаман түс көріп, жақсылап ұйықтай алмаса, сайлау өтуі мүмкін» - Бүгін біз соңғы уақыттары Ақорда маңында болып жатқан саяси ауыс-түйістер мен еліміздегі экономикалық жағдайлар жөнінде белгілі саясаткер, Балташ Тұрсымбаевпен сұхбаттасуды жөн көрдік. 

ZHASALASH.KZ. «Бүйтіп қорлағанша, мені атып тастасын…» -  Аға, мерейлі жасыңыз құтты болсын! Соңғы бір-екі жылдың сіз үшін сынаққа толы болғаны көпшілікке аян. Әйтсе де дәл қазір, 70-тің асқарына иек артқан тұстағы жағдайыңыз, көңіл күйіңіз қалай?


2 қазан 2018, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.