Атырау, 25 сәуір 13:12
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«"Назарбаевтан кейінгі кезең" және бұлыңғыр билік транзиті», «Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын», «Халық сайлау арқылы үкіметке ықпал етпей, министрлердің орнын ауыстыра беру еш нәтиже бермейді», «Болашақ зейнеткерлеріміз қайыр тілемек».

1 934 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Назарбаевтан кейінгі кезең" және бұлыңғыр билік транзиті» - Осы аптада батыс басылымдарының бірі Қазақстандағы билік транзиті сценариінің белгісіздігі туралы америкалық сарапшымен болған сұхбатты жариялады. Әлемдік баспасөз Шыңжаңдағы қудалау туралы да жазды.

«Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын» - Алматы тұрғыны арнайы белгіленген орында митинг өткізуге рұқсат бермеген Алматы әкімдігін сотқа беріп, жеңілді. Қоғамдық белсенділер бейбіт жиынға рұқсат алу қиындап кеткеніне, рұқсатсыз жиын өткізгендерді жазалау көбейіп бара жатқанына алаңдайды.

«Жаңаөзен белсендісі Мақсат Досмағамбетов өмірден өтті» - Жаңаөзен оқиғасына қатысты алты жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан ереуілшілер белсендісі Мақсат Досмағамбетов 36 жасқа қараған шағында ауруханада көз жұмды.

«Қолыма қару алғанша бақташы болғаным артық» - Әскери қызмет істейтін Далхан 2016 жылы Украинаға барып соғысудан бас тартты. Басшылық оған қысым жасай бастады. 2017 жылы ол отбасын алып, Шешенстаннан кетіп қалды. 16 рет Брест арқылы Польшаға өтуге тырысты.

QAMSHY.KZ. «Халық сайлау арқылы үкіметке ықпал етпей, министрлердің орнын ауыстыра беру еш нәтиже бермейді» - Күздің басында биліктегі ауыс-түйістің иісі шыға бастағанда жорамал жасап, әркім өз нұсқасын ұсынған еді. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды, иә, ауыс-түйіс болды. Бірінші болып Президент әкімшілігінде отырған Әділбек Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толып, қызметінен босатылған еді. Артынша Астананың әкімі, еліміздің қаржы министрі ауысып, күтпеген «тосын сый» жасады. Тағы да ауысулар бола ма? Қандай өзгеріс күтіп тұр? Сауалдарымызға  саясаткер Әміржан Қосанов  жауап берді.

«1994 жылы түсірілген ерекше видео табылды» - Белгілі қазақ ақыны Жеңіс Қашқыновтың баласы, аудармашы, журналист Ернат Қашқынов Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған Республикалық мүшәйраның бейнежазбасын Сәкен Сейфуллин музейіне әкеліп тапсырды. Бұл бейнетаспа Жеңіс ақынның жеке мұрағатынан табылған. Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған Республикалық мүшәйра Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының орталығы Атасуда 1994 жылы ұйымдастырылған.

ABAI.KZ. «Болашақ зейнеткерлеріміз қайыр тілейтін болды» - Зейнетақы қоры төңірегінде тағы талас. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры (БЗЖҚ) 1980 және осыдан кейін туған азаматтарға біркелкі зейнетақы төлемейтіні және азаматтар тек қорда жинаған сомасына сәйкес қана зейнетақы алатыны әлеуметтік желілерде тарады.  Яғни, мемлекеттік сыйақы төленбейді деп жұрт ұлардай шулады. Кейін БЗЖҚ басшылығы бұл хабарламаларға қатысты пікір білдіріп, түсіндірмек болды. Ақпарат рас болып шықты.

INFORMBURO.KZ. «"7-20-25" бағдарламасы. Несие алудың сергелдеңі мен салмағы» - Кімдер баспана алады? Салмағы мен салқыны қандай? Қай банктен несие алған тиімді? Туындайтын мәселелерді қалай шешкен жөн? Үйлі болудың басқа жолдары бар ма?

AIKYN.KZ. «Үй алу үшін тәуекелге бел байлау керек» -  Жақсы баспанаға қол жеткізу – кез келгеннің асыл арманы. Өткен жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенбіз. 

«Әйелдер қалай арбалады?» - Қоғамда қаншама қаракөз қыз-келіншек «діннің парыздарын ұстанамын», «күйеуіме адал қызмет етемін» деп теріс пиғылды түрлі ағымдардың жетегінде жүр. Әйелдің жанының нәзіктігін және оның дінді бар болмысымен қабылдайтынын біліп, оны пайдаланатындар бар. Тіпті шет мемлекеттерде жүрген діни ағым мүшелері, қазақ бауырларымыз телефонмен сөйлесу арқылы қаракөз қыздарымызға уағыз айтып арбап, сырттай әйелдікке алып, өздерінің мақсаттарын жүзеге асырып отырған жағдайлар да бар. 

365INFO.KZ. «Есенберлиннің түбіне жеткен кім?» - «1983 жылдың аяқ шенінде Ілия Есенберлин қайтыс болды. Бұл қазақ әдебиеті үшін Әуезов пен Мұқанов өлімінен кейінгі ең ауыр қаза еді…


1 қазан 2018, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.