Атырау облысында прокуратура жер қатынастары саласындағы, атап айтқанда, жер телімдерін бөлу және олардың мақсатын өзгерту бойынша заң бұзушылықтарды анықтағаннан кейін аудандық әкімдердің екі орынбасары, сондай-ақ, аудандық бөлімдердің екі басшысы «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» алды.
Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бекнұр ӘЖІҒАЛИЕВ және аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жанар ӘЖІҒАЛИЕВА қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертумен жазаланды. Исатай ауданында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан ӘБІЛҚАСЫМОВ пен жер қатынастары бөлімінің басшысы Елдос ДҮЙСЕНОВ те шенеуніктер үшін осындай ауыр жаза алды.
Бізде жер мәселесіне, дәлірек айтқанда, оны басқаратын жергілікті билік өкілдеріне қатысты ұнамсыз жайттар үнемі болып жатады. Ұмытылмас В.С. Черномырдин айтқандай, «Бұрын мұндай болған емес, енді міне тағы да».
Фархат ӘБІЛОВ