Атырау облыстық прокуратурасы жүргізген тексеру жұмыстары жер қатынастары саласында елеулі заң бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде 34 шенеунік тәртіптік жазаға тартылды. Атап айтқанда, «АЖ» анықтағандай, Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВ ескерту, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ - сөгіс,қалалық сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алған.
Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы, үш бағыт бойынша заң бұзушылықтар анықталды: жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдерінің заңсыз берілуі; мемлекеттiк ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне жеке меншiк құқығын беру мораторийiнiң сақталмауы; коммерциялық мақсаттағы жер телімдерінің бәссаудадан тыс ұсынылуы.
Фархат ӘБІЛОВ