Облыстық әкімдік халықты электронды үкіметтің www.egov.kz порталымен жұмыс істей білуге оқыту бағдарламасын жүзеге асыра бастады.
Жобаға Көлік және коммуникация министрлігі «Зерде» ұлттық холдингімен бірге және «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ қолдау танытуда. Оқыту семинарлары Атырау қаласында және Индербор поселкесінде өткізіледі. Ұйымдастырушылар жалпы 2 мыңнан аса адамды қамтуды жоспарлап отыр.
- Оқыту барысында тыңдаушылар порталдың мүмкіндіктері туралы біледі, электронды цифрлы қолтаңба алуға өтініш береді, оны қолдануды үйренеді және электронды қызметке ие болады,- дейді облыс әкімінің электронды үкімет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Орынбасар ЖАДЫРА.
Оқу курсы үш академиялық сағатқа есептелген. Бағдарлама маусым айында басталды және қазанға дейін созылады. Оқыту курстарынан 900-ден аса адам өтті. Оқуға ниет білдірушілер call-орталықтың 1414 (қалалық және ұялы телефон байланысы тегін) телефоны арқылы хабарласып, өтініш бере алады.
Тамара СУХОМЛИНОВА