Атырау, 19 желтоқсан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Жаңа ипотека Қазақстандағы тұрғын үй мәселесін шеше ме?», «Жаңаөзен туралы фильм түсіруге келген француз режиссеріне айыппұл салды», «Үштілділіктің мақсаты – мемлекеттік тілді қажет етпеу ме?», «Ресей мен Иран: одақтас па, әлде бәсекелес пе?».

1 982 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Жаңаөзен туралы фильм түсіруге келген француз режиссеріне айыппұл салды» - Ақтау әкімшілік соты Франция азаматы, Ligne de Front студиясының режиссері, журналист Венсан Прадоға "Қазақстанның көші-қон туралы заңын бұзғаны" үшін 60 мың теңге (шамамен 165 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды. Маңғыстауға 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы фильм түсіруге келген режиссер өзіне тағылған айыппен келіспейді.

«Жаңа ипотека Қазақстандағы тұрғын үй мәселесін шеше ме?» - "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының шарты бойынша пәтерді табысы тұрақты, өз атында баспанасы мен ипотекалық несиесі жоқ азаматтар сатып ала алады. Жылжымайтын мүлік нарығы мамандары бағдарлама шартын өзгертпесе, күткен нәтиже бермейтінін айтады.

«Ресей мен Иран: одақтас па, әлде бәсекелес пе?» - Әлемдік мұнай нарығында өзара бәсекелестігі күшейіп, соңғы кездері Ресей-Иран қарым-қатынасын ушықтыратын оқиғалар көбейсе де, Мәскеу мен Тегеран мәжбүрлі түрде стратегиялық серіктес болып қалады, бұл алдымен Сириядағы жағдайға байланысты.

«The Insider мен The Bellingcat: "Руслан Боширов" – ГРУ полковнигі Анатолий Чепига"» - Ұлыбритания билігі биыл наурызда Солсбери қаласында Сергей және Юлия Скрипальдарды улауға күдікті санайтын екі ресейліктің бірі "Руслан Бошировтың" шын аты-жөні – Анатолий Чепига, ол Ресей әскери барлауының (ГРУ) полковнигі әрі "Ресей қахарманы" атағының иегері. Күдікке іліккен азаматтың жеке деректерін тексерген Bellingcat және Insider зерттеушілер тобы осылай дейді. 

ABAI.KZ. «Үштілділіктің мақсаты – мемлекеттік тілді қажет етпеу ме?» - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Парламент пен Үкімет тек қана қазақ тілінде сөйлеуі тиіс» деп қадап тұрып айтқан сөзі әлі де кейбіреулердің құлағына кірер емес.

«Аудандардың тоқсан жылдығын тойлауды доғартыңыз, Сағынтаев мырза!» - Қазақ құлдық қамытты біржола кигенін тойлап жатыр. Бұлай дейтін себебіміз күз келгелі еліміздегі аудандар құрылғанының 90 жылдығын атап өтуде. Рас, осыдан 90 жыл бұрын елімізде жаппай ұжымдастыру жүргізіліп, қазіргі аудандар құрылды. Бірақ, "осы бір датаны тойлайтындай не басымызға күн туды?" деген сауал өздігінен көмейге кептеледі. Дәл сол жылы байлардың малы тартып алынып, ел тізгінін ұстаған азаматтар Итжеккенге айдала бастамады ма?. Сонда біздің бұл тойымыз лагерьлерде іш-құса болып шейіт кеткен әруақтарды мазақтау емес пе? Ұжымдасу жайы "асыра сілтеу" саясатына ұласып, отарлаушы биліктің халқымызды ашттықтан қырып салғанын тойлап жатқан жықпыз ба?

TURKYSTAN.KZ. «Жазушы – халықтың алтын қаламы» - 1993 жылы Алматы теледидарында Бас редактор болып жүрген кезімде Қазақ теледидары Бас директорының бірінші орынбасары қызметіне жоғарылап, Шерхан Мұртазамен етене араластым. Тікелей бастығым, Бас директор Рафаэль Жұмабаев – Қазақ теледидарында көптен бері қызмет атқарып жатқан тәжірибелі журналист, осы саланың білгірі. Ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін Рәкең басшылық пен шығармашылықтың қос тізгінін қатар ұстай білетін азамат.


28 қыркүйек 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.