26 қыркүйекте «Денсаулық» пойызы Маңғыстаудан Атырау облысының Мақат ауданы орталығына жетті. Атырау теміржол ауруханасының, сонымен қатар, Астана мен Алматының дәрігерлері таңнан бастап науқастарды қабылдай бастады.
Медициналық тексеруден өтуге ниет білдіргендер көп болды - 140 адам, оның ішінде 11-і бала. Негізінен қант диабетіне, бронхитке, остеохондрозға, тіс ауруына байланысты шағымдар болды. Пациенттерге қажетті алғашқы көмек көрсетіліп, жақын маңдағы медицина орталықтарына әрі қарай емделуге кеңестер пен жолдама берілді.
«Денсаулық» пойызы жоспарланған бағыт бойынша жүреді. Алдағы уақытта дәрігерлер Доссор, Томан, Аққыстау, Нарын, Исатай, Афанасьева, Ганюшкино, Жамансор, Мұқыр, Сағыз станциялары мен разъездерінде жұмыс істейтін болады.
Анастасия АЛЮШИНА
Атырау облыстық ТЖД жолдаған сурет