Атырауда жалған қоңырау шалған жасөспірімге үкім шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда сағат 8.50-де белгісіз біреу ІІД кезекші бөліміне Тұрғын үй қалашығындағы Әуезов көшесіндегі мамандандырылған мектеп-лицейге жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабарлаған еді.
Шұғыл түрде оқу мекемесінің әкімшілігіне, барлық жедел қызмет мекемелеріне хабарланды. Бірнеше минуттардан соң мектепке саперлар мен кинологтар келіп жетті. Оқушылар мен оқытушылар (шамамен 100 адам) мектеп ғимаратынан шығарылды. Алайда, кейін бұл дабылдың жалған екендігі анықталды.
Келесі күні телефон лаңкесінің өзі қолға түсті, ол осы мектептің 10-сыныбының оқушысы екен. Жасөспірім бала бұл әрекетке өз достарымен бәстесіп барғандығын мойындады.
Облыстық прокуратураның тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының аға прокуроры Серік МҮСЕННІҢ айтуынша, жасөспірім қылмыскерге бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарылып, 48 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Анастасия ПАСТУХОВА