Атырау, 27 сәуір 03:40
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Декларация – 2020. Қалай жүзеге асырылады және не кедергі?», «Дәурен Абаев: "Жемқорлық мәселесі ашықтық арқылы шешіледі"», «Емдеу жақсарғанымен, дертті жұқтыратындар көп», «Олар... жалған желтоқсаншылар...».

1 956 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Дәурен Абаев: "Жемқорлық мәселесі ашықтық арқылы шешіледі"» - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Азаттыққа берген эксклюзив сұхбатында Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалы, әлеуметтік желілердің бұғатталуы мен елдегі интернет байланысының жағдайы және өзге де мәселелер туралы айтты.

«Емдеу жақсарғанымен, дертті жұқтыратындар көп» - Қыркүйектің 26-сы күні Нью-Йоркте БҰҰ ұйымдастыруымен алғаш рет "Туберкулезді жою үшін тізе қосу" атты халықаралық жиын басталды. Ұйым әлемде туберкулезден көз жұматындар саны азаймай тұрғанына алаңдайды. ДДҰ Қазақстанда туберкулезді емдеу жақсарғанын атап өткенімен елде бұл дерттің деңгейі әлі "эпидемиялық жағдайда" қалып отыр.

ABAI.KZ. «Олар... жалған желтоқсаншылар...» - Abai.kz ақпараттық порталының электронды почтасына желтоқсаншы Сайлау Лепесовтің мақаласы келіп түсті. Автор бірнеше азаматтың Желтоқсан көтеріліске қатысқанына күмән келтіреді. Біздің портал түрлі пікірлердің ашық алаңы болғандықтан аталған мақаланың бір сөзін де өзгертпей оқырман назарына ұсынып отырмыз. Қарсы тараптың айтары болса, оларға да мінбер беретінімізді ескертеміз. 

TURKYSTAN.KZ. «МӘМС: Алматыдан төлемдер –12 млрд теңге» - Ұлт саулығы – мемлекеттің басты құндылығы. Сондықтан елімізде халықтың денсаулығын сақтау, тұрғындардың салауатты өмір сүруіне айрықша назар аударылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да үздік денсаулық сақтау ісі мен ұлт саулығын сақтау мәселелері назардан тыс қалған жоқ.

INFORMBURO.KZ. «Декларация – 2020. Қалай жүзеге асырылады және не кедергі?» - 2020 жылы бәріміз жалпыға бірдей кіріс пен мүлік декларациясын тапсырамыз. Алайда сарапшылар бұл декларацияны енгізуге шенеуніктердің өздері мүдделі емес дейді.

«Ұлтыңды танығың келсе, жеріңді таны» - Соңғы он жылда туризм мықты индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметі бойынша әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10%-ын иеленген.


27 қыркүйек 2018, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.