Лондон Олимпиадасында ауыр атлетикадан 63 келі салмақ санатындағы әйелдер арасындағы жарыста Майя Манеза Олимпиада чемпионы атанды.
Осы салмақ санатында еліміздің намысын қорғаушы Майя Манеза жұлқа көтеру сайысында 110 келілік зілтемірді бағындырып, екінші орынға тұрақтаған болатын. Ал серпе көтеруде біздің зілтемірші 135 келіні еркін көтерді. Қорытынды ұпай - 245. Күміс медаль 237 келіні бағындырған ресейлік Светлана Царукаеваға, ал қола медаль 236 келі көтерген канадалық Кристин Жерарға бұйырды.
Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлетші Майя Манеза екі дүркін әлем чемпионы (2009 жылы 2010 жылдар), 63 келіге дейінгі салмақта 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жұлқа көтеруде 143 келіні бағындырып, әлем рекордын орнатқан. 2007 жылы Қазақстанның құрамасына шақырылды.
2009, 2010 және 2011 жылдарғы Қазақстан чемпионы, 2009 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы. Алматы облысынан қатысуда.
Еске салайық, Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына бұған дейін алтын медальдарды велошадандоз А.Винокуров пен ауыр атлетші Зүлфия Чиншанло салған болатын.
inform.kz