Атырау, 19 желтоқсан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Жақсыбековті ығыстырып, Дариғаның шарықтауы​», «Вице-министрдің қылығы шенеунік этикасы мәселесін қозғады», «Ұлттық әліпби және өзгетілдік сөздер», «Жомарт Ертаевтың арбауына түскен әйел шындықты айтты», «Сапарбаев», «"Жедел жәрдем" және жол беру».

2 207 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Вице-министрдің қылығы шенеунік этикасы мәселесін қозғады» - Қырғызстанның Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрінің қатысы бар оқиға Сеул әуежайында Air Astana әуе компаниясы жолаушылар ұшағының кестедегі уақытынан кешігуіне себеп болғаннан кейін қырғыз парламенті мен қоғамында шенеуніктердің шетелге сапарлары мен этика мәселесі талқыға түсті.

«Жақсыбековті ығыстырып, Дариғаның шарықтауы» - Әділбек Жақсыбеков соңғы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде алғаш рет жоғары лауазымды қызметсіз қалды. Бұған Қазақстан президентінің үлкен қызы себепкер болуы мүмкін.

AIKYN.KZ. «Ел мүддесі ескеріле ме?» - Медициналық туризм – мемлекетке табыс келтіретін көздердің бірі. «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Н.Назарбаев: «Қазақстан медициналық туризм бойынша жетекші еуразиялық орталыққа айналуы тиіс», – деп атап көрсеткен болатын. Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Қазақстанда медициналық туризмді дамыту керектігі туралы айтты.

«"Жедел жәрдем" және жол беру» - Мәжілістің бір жиынында Денсаулық сақтау министріне сырқаты не жарақаты жанына батып, қиналған қазақстандықтарға жедел жәрдем көліктерінің дер уақытында көмекке келіп, ауруханаға да кешікпей жеткізуге тиістігі айтылды. «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жолданған. Осы келісімге №1 қосымшада «жедел медициналық жәрдемді күшейту» жоспарланған.

ABAI.KZ. «Жарқын Жеті - қандастар арасындағы уаххабилік бағыттың көсемі» - Abai.kz ақпараттық порталы - ашық пікірлер алаңы. Белгілі дінтанушы, ғалым Зікірия Жандарбектің елімізге "Жарқын Жеті" деген жанама атпен белгілі қоғам қайраткері Серікжан Біләшқа қатысты мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Серікжан бауырымыздың қарсы айтар уәжі болса, оған да портал бетінен мінбер беретінімізді ескертеміз.

«Ұлттық әліпби және өзгетілдік сөздер» - Қазіргі қолданыстағы қазақ тілінің кирилше әліпбиін кеңестік-коммунистік жүйенің тілдік (ұлттық) саясатының тікелей ықпалымен ф.ғ.д., профессор С.Аманжолов еріксізден-еріксіз құрастырды. Ол оны қазақ тілінде жоқ орыс әріптерімен толықтырды. 

«Сапарбаев» - Abai.kz ақпараттық порталының кезекті бір жобасы - «Саяси портрет» айдары оқырмандарға жол тартты. Айдардың кейіпкерлері министрлер, облыс әкімдері, республикалық деңгейдегі мекеме басшылары болмақ. Саяси тұлғаның балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейін жүріп өткен өмір жолына шолу жасау арқылы тұлғаның жалпы адамдық кескін-келбетін ашып көрсету - басты мақсатымыз.

TENGRINEWS.KZ  «"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары» -Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазақстандықтардың несие бойынша қарызы шамамен 6 триллион теңге екен. Сарапшылардың зерттеуінше, олардың көбі - тұтынушылық несиелер. Яғни несиелер тұрғын үй, көлік, техникалық бұйымдар, қымбат жолдамалар сатып алу мақсатында алынады. Бірақ несиені алуын алып, оны төлей алмай, түрлі қиындықтарға тап болып жүрген қазақстандықтар аз емес. Мұнда бірінші кезекте несие тарихы бұзылып, тіпті келесі рет несие алу мүмкіндігінен айырылып қалатын жағдайлар болады. 

365INFO.KZ. «Жомарт Ертаевтың арбауына түскен әйел шындықты айтты» - Мәскеуде үй қамақта отырған Жомарт Ертаевқа қатысты жаңа дерек айтылды. Ірі көлемдегі қаржы жымқыруды әшкерелеген қылмыстық іс бойынша күдікке алынған Татьяна Пактың күйеуі Евгений Пактың айтуынша, олар Ертаевтың арбауына түсіп қалған.


25 қыркүйек 2018, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.