Атырау, 4 қыркүйек 19:09
 дождьВ Атырау +30.4
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Елбасы Лондонда Блэрмен Қазақстанның әлеуметтік жаңғырту стратегиясын талқылады

2 511 рет қаралды

АСТАНА, 26 шіл – Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лондонға жасаған жұмыс сапары барысында Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэрмен кездесті, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэрмен кездесті. Кездесу барысында халықаралық деңгейдегі күн тәртібінің және Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясын жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды», делінген хабарламада.

Тараптар сонымен бірге сарапшылық-консультативтік кеңестің қызметіне байланысты мәселелерді қарастырды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

26 шілде 2012, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.