Атырау, 26 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстан президентіне кәсіпкерлерден түсетін шағымдардың саны екі есеге дерлік азайды

2 098 просмотра

АСТАНА, 26 шіл – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президентіне кәсіпкерлерден түсетін шағымдар саны 40%-ға қысқартылды, деп хабарлады бейсенбіде мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Бизнес қоғамдастығының заңды құқықтары мен мүдделеріне бақылау-қадағалау және құқық қорғау органдары тарапынан нұқсан келтірген жағдайларды болдырмас үшін www.akorda.kz сайтында ашылған «Президенттің бизнесті қорғауы» атты арнайы бөліміне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында 773 арыз келіп түсті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, арыздардың жалпы саны 526-ға  немесе 40%-ға азайды», - делінген хабарламада.

Арыздардың ішінде кәсіпкерлердің құқықтары бұзылғаны туралы 87 шағым тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 184-ке  немесе 68%-ға азайды. 65 шағым бойынша (74%)  орталық мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне наразылық білдірілген. Олардың ішінде ең көбі 12  арыз (18%) – Қаржы министрлігі, 10 (16%) – Бас прокуратура, 9 (14%) – Ішкі істер министрлігі,  9 (14%) – Қаржы полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жазылған.

Жергілікті билік органдары қызметкерлерінің тарапынан кәсіпкерлердің құқықтары шектелуіне наразылық білдірген шағымдардың саны – 22 (26%). Оның ішінде 7-і (32%),  – Қарағанды облысы, 3-і (14%) – Астана қаласы, 2-і (9%) –  Маңғыстау облысы, 2-і (9%)  Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктері қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымданғандар.

«Кәсіпкерлердің Елбасының атына арыздануының басты себептері – салық заңнамасының бұрмалануы, мемлекеттік сатып алу тендерлерін өткізу барысында орын алған заң бұзушылықтар, мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде орын алған теріс іс-әрекеттер. Сонымен қатар, тергеу алды тексерістер жүргізу кезінде кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салу, қылмыстық істерді тергеу барысында процессуалдық заңнаманың сақталмауы фактілері бойынша да шағымдар саны азаймай тұр», - деп атап өтеді президенттің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

26 шілде 2012, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.