Атырау, 26 желтоқсан 00:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Түрме университеті

1 736 просмотра

Атырауда 87 сотталушы орта арнаулы білім алғандығы туралы диплом алды. Болашақ автослесарлар, дәнекерлеушілер, ағаш ұсталары және құрылысшылар жазаларын әлі өтеп жатыр, бірақ бостандыққа шыққан соң олардың жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар.

Бұл Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УГ 157/9 түзету мекемесі жанындағы 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан колледждің алғашқы түлектері емес.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Бауыржан ЕҢСЕГЕНОВТІҢ айтуынша, сотталушының әрқайсысы жасаған қылмысы мен мерзіміне қарамастан ерікті түрде білім ала алады екен.

Оқу 10 айға созылады. Диплом алғаннан кейін студенттерге мамандық беріледі.

Анастасия ПАСТУХОВА

26 шілде 2012, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.