Ойыншық шығаратын Wow Toys компаниясының құрылтайшысы, ұлыбританиялық миллионер Эднан-Лаперузаның қызы Лондон - Ницца ұшағының бортында өзін жайсыз сезініп, артынша қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ұшу алдында 15 жастағы Наташа әуежайда Pret a Manger дүкендер желісінде жасалған бөрікгүл (артишок) мен зәйтүн (оливка) қосылған сэндвич жеген. Ұшақ бортында қыз баланың ауыр аллергиялық реакциясы пайда болған. Әкесі қызына екі доза дәрі салғанына қарамастан кәмелет жасына толмаған қыз бала
Ницца ауруханасында қайтыс болды. Болжаммен, ұлыбританиялық қыздың кунжин дәндеріне аллергиясы болуы мүмкін екені айтылады. Эднан-Лаперуза сэнвич өндіруші компаниядан неліктен сыртқы қаптамасында құрамында кунжут бары туралы жазылмағаны туралы түсініктеме беруін талап етті.
Сондай-ақ, тергеушілер ұшақ экипажы осындай төтенше жағдайларға қаншалықты дайын болғанын анықтайтын болады.
Дереккөз: tengrinews.kz