Атырау, 19 қыркүйек 11:34
 дождьВ Атырау +13.7
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

​Қытай АҚШ-пен сауда түйткіліне қатысты кеңес өткізуден бас тартты

1 450 рет қаралды


Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жариялады. Бұған дейін Құрама Штаттарға қытайлық делегация мен Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ барады деп жоспарланған еді. 

Бірақ Вашингтон Бейжіңге салынған салықты көтергеннен кейін аспан асты елі райынан қайтты. 

Айта кеткен жөн, АҚШ-тың Қытайға салған санкциясы 24 қыркүйекте күшіне енеді. Жалпы құны 200 миллиард долларды құрап отыр. Ал Қытай бұған жауап ретінде 60 миллиард көлеміндегі америкалық тауарға санкция жариялады.

Дереккөз: 24.kz

23 қыркүйек 2018, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.