Мәлім болғандай, апат Виктория көлінде болған. Соңғы дерек бойынша 130-дан астам адам қаза тапқан.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, паромда 400-дей адам болған көрінеді. Алайда нақты мәліметке қол жеткізу қиын. Өйткені сатылған билеттердің жазбасы пароммен бірге суға кеткен.
Кеме Укора және Буголора аралдарының арасында апатқа ұшыраған. Естеріңізге сала кетсек, Виктория көліндегі ең ірі апат 1996 жылы тіркелген. Онда 500 адам қайтыс болды.
Ал 2012 жылы осы сынды қайғылы оқиғада 145 адам опат болды. Бұған паромда адам санының тым көп болуы себеп болған.
Дереккөз: 24.kz