Атырау, 29 қараша 17:49
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Сауд Арабиясының мемлекеттік арнасында әйел адам тұңғыш рет жүргізуші болды

1 882 просмотра


Сауд Арабиясының тарихында тұңғыш рет мемлекеттік арнасында әйел адам жаңалықтар жүргізуші болды, - деп хабарлайды TRT

Журналист Виам аль-Дахил (Weam Al Dakheel) диктор Омер эм Нешванмен бірге Al Saudiya телеарнасында кешкілік жаңалықтар блогын жүргізе бастады. Консерваторлық корольдік тарихында әйел адамның тележүргізуші болуы айтарлықтай шара екені айтылады.  Дахиль - Ливан америкалық университетінде журналистика факультетін тәмамдаған. Осыған дейін ол Al-Hayat газетінде, CNBC Arabia, Al Jazeera және Al-Arab телеарнасында жұмыс істеген. 

Соңғы уақытта Сауд Арабиясында әйел құқығын кеңейтуге арналған қадамдар жасалуда. 

2017 жылы қыркүйекте әйел адамның көлік жүргізуіне тыйым салынған көпжылдық заңды өзгертті, 2018 жылы 1 шілдеде бұл заң мүлде күшін жойды.  2018 жылы Сауд Арабиясында әйелдерге мейрамханаға, кинотеатрға және спорттық стадиондарға баруына рұқсат берілді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

22 қыркүйек 2018, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.