Атырау, 29 қараша 17:51
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​WADA ресейлік ұйымның құқығын қалпына келтірді

1 457 просмотра


Допингке қарсы дүниежүзілік агенттік ресейлік ұйымның құқығын қалпына келтірді. Халықаралық агенттіктің мәлімдеуінше, Ресей тарапы барлық талаптарды орындаған. Мәскеу бұл шешімді маңызды қадам деп бағалады. 

Еске сала кетейік, Допингке қарсы ресейлік агенттік 2014 жылы Сочидегі Олимпиада кезінде осы ел спортшыларының тыйым салынған дәрмек пайдаланғаны жайында ақпарат шығып, тіпті оған қарсы тұратын ресейлік қарсы келмеген деген дерек айтылды. Тәуелсіз сарапшы Ричард Макларен Ресейде жоғары басшылық қолдаған допинг жүйесі бар деп айып та тақты. Алайда Мәскеу мұны жоққа шығарған. 

Дау бірнеше жылға созылып, өткен аптада тараптар ортақ шешімге келді. Яғни халықаралық ұйым Макларенннің баяндамасын тануды талап етуден бас тартып, Ресей болса, Самуэль Шмидт комиссиясының шешімімен келісті. Енді Допингке қарсы дүниежүзілік агенттікке Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың мәліметтерімен танысуға рұқсат етілуі тиіс. Өзге жағдайда Ресей халықаралық агенттік жұмыстан тағы шеттетілетін болады. 

Юрий Ганус, Ресейлік допингке қарсы агенттік басшысы: 

- Мәселе сенімде. Нақтырақ айтқанда, оның жоқтығында. Сондықтан осы жылдар аралығында біз Допингке қарсы халықаралық агенттікпен өзара сенімді қайта қалпына келтіруге ұмтылдық.

Дереккөз: 24.kz

21 қыркүйек 2018, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.