Атырау, 11 желтоқсан 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Шенділердің қызметтен кеткендері бар

2 249 просмотра

Президенттің жарлығына сәйкес біздің елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу қызу жүріп жатыр.

Жоғарғы аттестациялық комиссияның сынағынан алғашқы болып басшылық құрам өкілдері өтті. Атырау облысы ІІД кадрлар жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марал ӨТЕБАЛИЕВТІҢ хабарлауы бойынша аттестацияны «үздік» бағаға ІІД бастығы Рахмаджан ДОСАНОВ, сондай-ақ, оның орынбасарлары Нұрым ОРАЗБАЕВ, Бауыржан РАХМЕТОВ және Асқар КЕНЖЕҒАРИЕВ тапсырды. Олардың барлығы да дене шынықтыру және ату дайындығынан, ҚР заңнамалары бойынша тестілеуден жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Сондай-ақ, Жоғарғы аттестация комиссиясының төрағасы премьер-министр Кәрім МӘСІМОВПЕН әңгімелесуден де сәтті өтті. 

ІІД бастығының бірініші орынбасары Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ аттестациядан өткен жоқ, оны лауазымынан босату жөнінде министрдің бұйрығы шықты. Әзірге оның полицияда одан әрі қалуы  немесе еңбек жылдары бойынша зейнеткерлікке шығу мәселесі шешіле қойған жоқ. Кетукетпеуі де белгісіз. Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстармен күрес  жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, аттестацияның қорытындысы бойынша департаменттің екі орынбасары – Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ пен Қуаныш ӘБЛЕЗОВ қаржы полиция органынан шығарылды. Департамент бастығының өзі  сынақтан  сүрінбей өтті.

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ләззат НҰРМАҒАМБЕТОВАНЫҢхабарлауынша, аттестациядан облыс прокуроры Сайфолла КЕМАЛОВ және оның екі орынбасары – Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ және Парасат ҚҰТҚОЖА жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз хатшысы Самал ӘБИРОВАНЫҢ айтуынша, ТЖД бастығы Болатбек ОМАРОВ әскери қызметкер ретінде аттестациядан өтпейді, ал, оның орынбасары Сағынбек ӨМІРЗАҚОВ сынақтан өтті.

Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ аттестациядан өтті. Оның фискальды блокқа жауапты орынбасары Маржангүл КҮНТУАРОВА аттестациядан өтуге міндетті емес. Құқық қорғау блогына жауапты орынбасары Саламат БЕКМҰХАНОВ жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен лауазымды қызметіне сәйкес емес деп танылды.

ҰҚКД аттестацияның өту барысы туралы мәлімдеуден, «құпия ақпарат» деп бас тартты.

Тамара СУХОМЛИНОВА

26 шілде 2012, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.