Австралияның Woolworth супермаркеті жемістен табылған инеге байланысты ине сатылымын тоқтатты. Әзірге қашан сатыла бастайтыны белгісіз. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше тәртіп сақшылары осы іске қатысты күдіктіні қамауға алды. Полицияның айтуынша, жасөспірім бұл қылмысты ойын үшін жасаған көрінеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ішіне ине тығылған банан мен құлпынай жеп, 10 адам жарақат алған еді.
Алғашында Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы фермалардың тұрғындары дабыл қақса, артынша қауіпті жемістер елдің өзге де аймақтарында тіркеле бастады. Жергілікті билік бұзақы 15 жылға сотталады деп жариялаған болатын.
Дереккөз: 24.kz