Атырау, 25 сәуір 16:46
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Бизнес банктерге сене ме?», «Құжатсыз қалған қандасты қандай тағдыр күтіп тұр?», «Туыстарымның қай лагерьде отырғанын білмеймін», «Головкиннің бокс тарихында алатын орны қандай?», «Ақтау тұрғыны "ҚДТ чаты" үшін сотталды».

1 686 просмотра

ABAI.KZ. «Головкиннің бокс тарихында алатын орны қандай?» - Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) бокс әлемінде өзіндік орнын тапқан боксшы саналады.

INFORMBURO.KZ. «Қазақтың қандай салт-дәстүрлері сақталмай қалған?» - Қазақ салт-дәстүрге сүйене отырып, өзара қарым-қатынасын реттеп отырған, бір-бірін үнсіз түсініп, сыйласқан. Қазір сол дәстүрдің біразы ұмыт болды.

TURKYSTAN.KZ. «Күлкінің күбісі қалай қаңсыды?» - «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім». Сатирик Сейіт Кенжеахметұлы айтқан осы бір сөз әлі күнге дейін мәні мен маңызын жойған емес. Бүгінде елімізде халыққа күлкі сыйлауға ниетті әзіл-сықақ театрларының саны жыл санап артып келеді. 

«Киберқауіпсіздік – ұлттық әрі мемлекеттік өлшем» - Бүгінгі күні киберқауіпсіздік күллі әлем үшін аса маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар салуда.

«Даналықтың сатысы адалдықтан басталады» - Евней Арыстанұлы Букетовтің бойында қалыптасқан әдеттің бірі – күнделікті таңертеңгі жұмысқа кемінде жарты сағат бұрын келуі еді. ол кісінің жұмысқа кешігіп келгенін мүлде көрген емеспін.

AIKYN.KZ. «Бизнес банктерге сене ме?» - Ұлттық банк «Астана Банкін» банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айырды. Енді қаржылық реттеуші «Астана Банкінің» жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтату жөнінде сотқа жүгінбек. 

«Көбею туралы көп қисын, демографияға дөп тисін» - Демографиялық ахуалды көтеруге қатысты екі таптаурын бар. Біріншісі – өмір сүру деңгейі жақсарған сайын туу көрсеткіші азаяды. Екіншісі – мемлекеттің араласуымен арттыру мүмкін емес. 

«NEET: Жастардың ниеті қалай түзеледі?» - Астықты өңірлерімізде орақ науқаны кестеден қалып келеді. Енді оза қимылдап, егін жинауды уақытында аяқтау міндеті тұр. Бұл туралы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлім болды. Жиында егін ору жұмыстарының барысы қаралды. Сондай-ақ «NEET – жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамту бойынша жол картасы» мен Астананың жинақы құрылысының кешенді жоспары құпталды.

QAZAQTIMES.COM. «Құжатсыз қалған қандасты қандай тағдыр күтіп тұр?» - «Адырна» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірге Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылына сапарлай барып қайттық. Бұл жолғы сапардың басты мақсаты Үңгіртас ауылына он күн бұрын ШҚО-дан қоныс аударған Қытайдан келген отбасының хәл жағдайын білу болды.

«Саяси резонанс туғызған Brexit немесе «Темір әйел» туралы талқы» -  Еуропалық Одақ көшбасшылары Brexit шешімін талқылау мақсатында бейсенбіде кездесу өткізді. 

AZATTYQ.ORG. «Туыстарымның қай лагерьде отырғанын білмеймін» - Павлодар тұрғыны Нұрлан Бекбосынұлы Қытайдағы туған екі інісі және туысқан қарындасынан хабар ала алмай отыр. Ол жақындары Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу лагерінде" қамауда отыр деп күдіктенеді.

«Ақтау тұрғыны "ҚДТ чаты" үшін сотталды» - "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының Тelegram чатындағы пікірлері үшін істі болған ақтаулық Абловас Жұмаев үш жылға сотталды. Жұмаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.


21 қыркүйек 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.