Атырау, 26 желтоқсан 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тапсырыс екі жақтан болады

2 027 просмотра

ҚР премьер-министрі Кәрім МӘСІМОВТІҢ жақында ғана Атырауға келген сапарында оған жергілікті билік басындағылар  алдағы уақытта ірі жобалардан босатылатын 11 мың адамды болашақта қайда орналастыратындығы туралы мәселені қойған еді.

Бұл тақырып премьер мұнай-газ саласы мамандарын дайындайтын жаңа  аймақаралық орталықты  аралау кезінде де талқыланған болатын. Орталықтың тұсаукесер рәсімі  аяқталғаннан кейін сол жерде мәжіліс болып, онда Мәсімовке желінің жаңа операторы Оңтүстік Альберт (SAIT)  технологиялық институты - «Кәсіпқормен» таныстырды. SAIT  - бұл мұнай-газ саласы үшін кадрларды оқытудағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып есептеледі және олар атыраулық орталыққа,  жекелей алғанда, канадалық оқытушылардың заманауи оқу технологияларын енгізу үшін шақырылды. Үкімет басшысы өзінің қорытынды сөзінде ТШО мен НКОК компанияларына ертеңгі күні орталықтың түлектері далада қалмауы үшін оқу бағдарламаларын жасақтауға тікелей қатысуларына кеңес берді.

Маңызды бір ғана сауал қалды: орталыққа оқуға адамдарды кімдер жібереді – жергілікті жұмыспен қамту орталығы ма, әлде, мұнай-газ компанияларының өздері ме?! Кейбір түсінбейтін жайттар Атырау қаласы әкімі Асқар КЕРІМОВТІҢ 18 шілде күні жасаған жартыжылдық есебінде сөз алған облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ  мәлімдемелерінен кейін белгілі болды. Б.Рысқалиев былай деді:

–  Премьер-министрдің келу сапары барысында ТШО және Аджип орталықты барлық құралдармен жабдықтауды және мамандарды дайындау тапсырыстарын беруді өз мойындарына алды. Біз өз тарапымыздан орталыққа мемлекеттік тапсырыс беретін боламыз.

Арақатынас бойынша әзірге ештеңе белгісіз.  

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 шілде 2012, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.