Атырау, 26 желтоқсан 00:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әкім: «Олар ақша бөлгілері келмейді, енді не боларын көрейік!»

2 045 просмотра

20 шілдеде облыстық мәслихаттың сессиясында облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жанынан құрылған әлеуметтік серіктестік орталығы тарапынан Конституцияны  бұзу, популизм және әлеуметтік алауыздықты тудыру бойынша өзіне тағылған айыпты теріске шығарды  (19 шілдеде Орталық Бас прокуратураға өтініш жолдады, оған Б.Рысқалиевтің балабақшалардан мұнайшылар мен  басқа да ірі кәсіпорын қызметкерлерінің балаларын шығару жөніндегі бұйрығы себеп болды).

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жұртшылықпен байланыс департаментінде таратылған хабарлама жөнінде: «Біз мұндай баспасөз релизін дайындаған да, таратқан да жоқпыз», - деп ант-су ішті. 

ҰӘҚ ұсынған әлеуметтік серіктестік қорының жалғыз ғана телефон нөміріне хабарласуға тырысқан әрекетімізден түк те шықпады. 20 шілде күні Б.Рысқалиев облыстық мәслихаттың сессиясында өзінің жарты жылдық жұмысының есебін жасаған кезде былай деді:

-Ведомостволық балабақ-шалар барлық уақытта да болды, біздің барлығымыз да сол балабақшаларда тәрбиелендік. Олар: «Әлеуметтік серіктестік саясатының сәтсіздікке ұрынғанына неге біздің балаларымыз жауап беруге тиісті?» деп жазады. Бұл ағат пікір. Бізде қандай бағыт болсын ешқандай  сәтсіздіктер жоқ. Балабақшамен бүгінгі күні халықтың 80% қамтылған. Ал егер олардың қалған  20% үшін компаниялар балабақша салып беретін болса, онда біз бюджет қаржысын үнемдейміз. Бізге салып берсін және жыл сайын оны ұстауға ақша аударып отырсын. Біз қарсы емеспіз. Олар балабақшаның  бәрі өз-өзінен салынып жатыр деп ойлай ма, ақша бөлгілері келмейді. Мен өз ойымды дәлелдеп келтірдім, енді алда не боларын көреміз.

 «Демос» ҮЕҰ жетекшісі  Тоқжан ҚИЗАТОВАНЫҢ комментарийі:

– Облыс әкімінің бұл мәлімдемесін көпшілік түрліше қабылдап жатыр. Алалаушылыққа халықтың бір бөлігі, жекелеп айтқанда, адал салық төлеушілер, яғни, мемлекет қазынасын өз  еңбектерімен толтырып отырғандар ұрынып отыр, ал сол түскен қаржыларға мектептер мен балабақшалар салынуда. Бір жағынан алып қарағанда біздің облысымыздың салығының көп бөлігі республикалық бюджетке кетіп жатыр және жергілікті халық мұнай компанияларының қызметінен толыққанды игіліктерді көріп жатқан да жоқ. Атап айтар болсақ, балабақшаның кезегі азаятын емес. Оның үстіне мұнай компанияларының қызметі аймақтың тұрақты дамуына, оның ішінде әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектесуі тиіс қой. Мен бұл жерде билікті жақтап тұрғаным жоқ, бұл жағдайда әкімнің мәлімдемесі қандай бір тығырыққа тірелгендіктен айтылды деп ойлаймын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

АМӨЗ-ның  №45 балабақшасы 250 балаға есептелген және «АлиРемСтрой» ЖШС салған жаңа ғимараттың есебінен тағы да 110 орынға бала қабылдау мүмкіндігіне ие болды. 23 шілдеде болған ашылу салтанатында АМӨЗ бас директоры  Талғат БАЙТАЗИЕВ былай деді:– Ведомстволық балабақшаларды салу – президент тапсырмасы және ол орындалуы керек. Бұрын балабақшалар барлық кәсіпорындарда болды, кейін оларды «профильді емес активтерден»  босата бастады. Бірақ, зауыттықтар өз балабақшаларын сақтап қалуға тырысты, зауыт басшылығы да оларға бұл тұрғыда қолдау танытты. Енді біздің №45 балабақша тағы да өзіміздің көптеген балаларымызды қабылдауға дайын. Т. Байтазиевтің айтуынша, – бұл балабақша Атыраудағы бірден- бір ведомстволық  мектептке дейінгі мекеме.

26 шілде 2012, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.