AZATTYQ.ORG. «Билік пен оппозиция диалогқа дайын ба?» - Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жыл сайынғы кеңесіне қатысқан Тәжікстанның үкіметтік делегациясы кенеттен оппозициялық топтармен келіссөз өткізуге әзір екенін мәлімдеді. Оппозиция арасында мұндай ұсынысқа күмәнмен қарайтындар да бар.
ZHASALASH.KZ. «Министр Мұхамедиұлы тағы да күлкіге қалды» - Парламент мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралып, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндама жасады.
«Абель САНЧЕС: Головкин мені тыңдамады…» - Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Канело»-мен өткен екінші жекпе-жекте боксшының оны мүлде тыңдамағанын айтты. Бұл туралы zhasalash.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
TURKYSTAN.KZ. «Тірлік түзелсе де,оқулық оңалар емес» - Оқулықта кеткен олқылықтар жайы қашанда күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, бұл мәселеге ата-аналар тарапынан түсетін шағым көп. «Баланың жас ерекшелігін, ойлау жүйесін, қарым-қабілетін ескермейтін оқулықтардың тілі ауыр, тапсырмасы түсініксіз» дейді кейбіреулер. Шын мәнінде, солай ма?
«Үңірейген құдықтар үрейді алды» - «Апат айтып келмейді» дейді қазақ. Құлқынның құлы көбейген бүгінгі заманда қауіп-қатер де, үрей де көп. Оң-солын білмейтін бала түгілі, ақырын жүріп, анық басатын ересек адамның өзі қай жерде жығылатынын, қай құдыққа құлайтынын білмейді.
«Бұл көштің жөні бөлек» - Теориялық тұрғыда миграцияның түрлері көп. Оған көші-қонның түп себебі, мерзімі, бағыты мен мазмұнына орай классификация жасалады. Мысалы, мазмұнына сай, көші-қон ерікті және мәжбүрлі түрде болуы мүмкін.
AIKYN.KZ. «Құрақ көрпенің құдіреті» - Алматыда қала күні ерекше тойланды. Ежелден тігін өнері мен зергерліктің ордасына айналған қазақ даласының қолөнер шеберлері мен ұсталары атаулы датаға орай, тамаша тарту жасады. Олар жер шарындағы ең ұзын құрақ көрпені тігу арқылы әлемдік рекордты жаңартты.
365INFO.KZ. «”Мұны Путин естімесін?”. Қазақтың танымал тұлғасы масқара болды» - Белгілі журналист Қажымұқан Ғабдолланың мына жазбасы кейбір аға буын өкілдерінің ашу-ызасын тудырған болар. Сәбет үкіметінің жақсылықтарын жіпке тізе беретін аға буынның өкілдері көп арамызда. Олар сонда нені аңсайды, не көксейді? Аңсағаны Үкіметтің аялы алақаны, көксегені көйлегінің көктігі мен тамағының тоқтығы ма? Тәуелсіздік қайда қалады сонда? Ғабдолла соны айтқысы келіпті…
«Қайран, октябрят, пионер, комсомол…» - Фейсбуктегі Сәуле Әбілдаханқызының мына жазбасын оқып отырып, ол айтып отырған ойға амалсыз келістім. Өйткені екінің бірінің көкейінде жүрген жайтты ашық жеткізіпті.