18 қыркүйекте Атырауда облыстық әкімдік алдындағы алаңда «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрменің ашылуына арналған Мемлекеттік күзет қызметінің президенттік оркестрінің концерті өтті.
Мерекелік шараға Президент Кеңсесінің бастығы Махмуд ҚАСЫМБЕКОВ, облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, сондай-ақ, аудан басшыларына дейін көптеген жергілікті шенеуніктер қатысты.
Күннің күрт суытып, дауылды жел тұрғанына қарамастан, әуезді әуен алаңға мыңдаған көрермендерді жинады. Біреулер скрипкашы ару қыздарды смартфондарына жақынырақ түсіруге тырысса, енді бірі дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, подполковник Тілек ЕРҒАЛИЕВТЫҢ қимылын елітіп бақылады.
16 шығармадан тұратын концерт бағдарламасы екі сағаттай уақытқа созылды. Кеш отшашулармен аяқталды. Енді атыраулықтар үшін бастысы – Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық өнер музейінде бір айдай уақытқа созылатын өте қызықты көрмені өткізіп алмау.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор