Атырау, 24 сәуір 15:02
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Елеусіз «Егемен» немесе БАҚ-қа бөлінген миллиардтар қайда?», «"Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...», «Депутат Әйтімованың зейнетақысы қанша?», «Саясаттағы үштаған: АҚШ – Түркия – Қытай»,«Әйгілі боксшы Головкиннің бапкері не бүлдіргенін айтты»

1 759 просмотра

QAMSHY.KZ. «"Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...» - "Халық Банктегі" бедірейген менеджерден сақта, кекірейген бөлім бастығынан сақта, қозғалмайтын кезектен сақта, картаңды қағар есептен сақта!

QAZAQTIMES.COM. «Саясаттағы үштаған: АҚШ – Түркия – Қытай» - Жаhанда сәт сайын түрлі саяси оқиғалар орын алып, әлемдік қаржылық байланыс күрделеніп барады. Түркия мен АҚШ қарым-қатынасының шиеленісуі соның бірден-бір дәлелі. 

365INFO.KZ. «Елеусіз «Егемен» немесе БАҚ-қа бөлінген бықыған миллиардтар қайда?» - «Мемлекеттік саясатты насихаттау үшін жыл сайын қазынаның миллиардтары желге ұшады. Мәселен, соңғы 4 жылда осы мақсатқа жұмсалған қаржының көлемі 160 млрд теңгеден асты. Мұндай қаражат ешқандай конкурссыз, жыл сайын «тегіннен-тегін» беріліп отырады. Бұл ақшаға шамамен 70 мектеп немесе 100 балабақша салуға жетер еді. Есеп комитеті былтыр мемлекеттік телеарналар мен «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде аудиторлық тексеру жүргізді. Нәтижесінен шашыңыз тік тұрады. 

«Әйгілі боксшы Головкиннің бапкері не бүлдіргенін айтты» - Әлемнің жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпионы, ресейлік Сергей Ковалев Sports.kz сайтына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчесті әбден сынапты. 

«Қайрат Омаров: Солтүстік Кореяны ядролық қарудан ада ету – ортақ іс» - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде екі бірдей төтенше мәжіліс өтті. Қатысушылар Ауғанстандағы қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылығын білдіріп, бұл елде қазан айына жоспарлаған парламенттік сайлау өтпеуі мүмкін дейді.

INFORMBURO.KZ. «Бала бухгалтериясы: Ақша санауды балаға қай жастан үйрету керек?» - Психологтар баланы ес білгеннен қаржылық сауаттылыққа баулу керек дейді. Онымен айналысатын ата-ананың өзінің қаржылық сауаты аз болса, не істеу керек?

AIKYN.KZ. «Депутат Әйтімованың зейнетақысы қанша?»  - Халықтың қалаулысы болып, мінберде жүрген депутаттар қанша зейнетақы алады? Сіз әрине бірден аз деуіңіз бек мүмкін. Дегенмен, олардың зейнетақысы қарапайым еңбек адамдарынан қаншалықты артық немесе кем? 

«Дәрі-дәрмек бағасы, өзгереді шамасы…» - Дәрі-дәрмек бағасы тағы да қымбаттады. Әй дейтін ажа жоқ болған соң ба, бұл өзі ай сайын тіркелетін үдеріске айналып барады. Көктемде дәрі-дәрмек бағасы 7 пайызға қымбаттады деп бір шулап алған едік. Тамыз айында да баға, өткен жылмен салыстырғанда, 7 пайызға өсіпті.


19 қыркүйек 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.