Пхеньянда Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның арасында келіссөз басталды.
Басқосуда Корей түбегін ядролық қарудан азат өңірге айналдыру мен биыл сәуір және мамыр айындағы саммит кезінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселесі қаралды. Екіжақты кездесу 3 күнге созылатын болады. Саммиттің қорытындысы ертең келіссөздің екінші кезеңі аяқталған соң, белгілі болмақ.
Сарапшылар сөзінше, бұл кездесу АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына септігін тигізбек. Еске салайық, Оңтүстік Корея басшысы Пхеньянға бүгін таңертең барды. Оны әуежайда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның өзі күтіп алды.
Дереккөз: 24.kz