AZATTYQ.ORG. «Қытай қазағы әйелінің Түркияда ұсталғанын хабарлады» - Шыңжаңда қамауда болып, былтыр Қазақстанға оралған, Қытайда туған этникалық қазақ Өмірбек Бекалы әйелі, Қытай азаматы Раушангүл Ташмағамбетке депортация қаупі төніп тұр дейді.
«Орал соты украиналық журналиске айыппұл салды» - Орал әкімшілік соты киевтік журналист Александр Гороховскийді миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін айыпты деп танып, оған айыппұл салды. Бірақ, журналистің "кінәсін жеңілдететін жағдайларды" ескеріп, бастапқы сомасын азайтты. Сарапшылар мен Гороховскийдің қазақстандық әріптестері бұл оқиғаны жастарға арналған "Журналистика мектебі" жобасына "қысым жасау әрекеті" деп бағалайды.
«Орталық Азиядағы энергияның болашағы» - Азия Даму банкінің қалпына келетін энергия ресурстарын пайдаланып, халықты көбірек энергиямен қамтамасыз етуді көздейтін Орталық Азияға арналған бағдарламасы бар. Бірақ, жасыл әрі арзан энергия көзіне ауысу Орталық Азиядағы бәзбіреулердің жеке мүддесіне қайшы келуі мүмкін.
QAMSHY.KZ. «Мәні ерекше ерлік» - «Тоғанай Т» баспасынан белгілі жазушы Ғаббас Қабышұлының құрастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Хакім Тілегенұлы (Михаил Иванович) Есенәлиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Ақ семсер. Белый меч» атты естеліктер жинағы шықты.
«Анасынан айырылған Жәкішевке билік бір уыс топырақ салуға рұқсат бере ме?» - Кеше ғана Мұхтар Жәкішев өзінің науқас анасымен кездесуге рұқсат сұраған еді. Алайда қайырымсыз билік бұл өтінішті орындаудан бас тартты. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі Азаттық тілшісіне хабарлаған болатын.
INFORMBURO.KZ. «Әулие, бақсы-балгер және тылсым күш туралы алып-қашпа әңгімелер қаншалықты шын?» - Әулие, бақсы-балгер, көріпкел, құмалақшы, емшілердің ғажайып қасиеттері мен тылсым күштері туралы әңгіме қазақ арасында кең тараған. Олар қалай пайда болады?
365INFO.KZ. «Нұрболат Абдуллин отбасын неліктен елге көрсеткісі келмейтінін айтты» Жақында ғана жеке өмірінің құпиясы ашылып, қызы Шахназдың құрметіне дүркіретіп той жасаған Нұрболат Абдуллин отбасылық ұстанымын өзгертпейтінін айтты. Ол алдағы уақытта да жеке өмірін құпияда ұстайтынын меңзеді. Сондай-ақ, әнші не себепті әйелін көрсеткісі келмейтінін түсіндірді.
«Мәжіліс Қаржы министрінің кандидатурасын келісті» - Бүгін Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрі лауазымына тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.