Атырау, 27 шілде 06:02
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Бизнесмендерге кеңес береді

1 279 просмотра

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының базасында кәсіпкерлер үшін сервистік қызмет орталығы ашылды. Шағын және орта бизнес өкілдері  енді кәсіби кеңестерді тегін ала алады.

- Кез-келген бизнесменнің өз штатында заңгерлерді, маркетологтарды және сапа стандарты жөніндегі мамандарды ұстау мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да мұндай орталықтың қажеттілігі бар, - дейді кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА. 

Атыраулық кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге орай өткізілген мемлекеттік байқауды облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы мен «Астана Тіл Академиясы» ЖШС жеңіп алды. Орталықтың кеңесіне тек шағын және орта бизнес өкілдері ғана емес, жеке кәсіпкерлер де жүгіне алады. Қолдау 7 бағытта көрсетілетін болады – бухгалтерлік және салық есептерінің жүргізілуі, есептің жасалуы; кедендік процедуралар; маркетинг; сапа менеджментінің енгізілуі; заңгерлік мәселелер; ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер; мемлекеттік сатып алулар және ұлттық компаниялардың сатып алулары.

Әсіресе, мұндай көмекке барынша селолық кәсіпкерлердің мұқтаж екендігі белгілі. Сондықтан да кеңес берушілер аудан орталықтарына барып, өз қызметтерін көрсете алады.

Кеңес берушілерге мына телефондар бойынша: 35-58-65, 32-42-87, 32-85-07 және 30-62-25, сондай-ақ, spir02@mail.ru электронды поштаға хабарласуға болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

25 шілде 2012, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.