Атырау, 26 сәуір 12:30
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«ЕАЭО-дан қазір шықпасақ келесі кезең ортақ валюта құру болады», «А.Әлібаев: Қазақстанда бірде-бір реформа іске аспайды», «Танымал дәрігер Назарбаевтың мықты екенін дәлелдеп шықты», «Банк секторы: көрсетілген қолдаудың қайтарымы бар».

1 521 просмотра

AZATTYQ.ORG. «БҰҰ Тәжікстанды "адам құқығын бұзады" деп қатты сөкті» - Женевада өтіп жатқан Адам құқығы жөніндегі БҰҰ кеңесінің 39-сессиясында Тәжікстанға қатаң сындар айтылып, "адам құқықтарын бұзып, өзгеше ойлайтындарды қудалайды" деп сыналды.

«Головкин чемпиондық атақтарынан айырылды» - 39 жекпе-жек бойы жеңілмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин төрешілер шешімімен мексикалық Сауль Альварестен жеңілді.

«Шыңжаң қазақтарының жанайғайы мен Астананың үнсіздігі» - Халықаралық баспасөз Шыңжаңдағы азшылыққа қарсы репрессия туралы жазған. Мақалаларда этникалық қазақтардың Қытайдың солтүстік-батысындағы жағдай туралы "әлемге жар салып жатқаны", бірақ олардың тарихи Отаны қуатты көршісіне қарсы шыға алмай отырғаны айтылған.

ABAI.KZ. «ЕАЭО-дан қазір шықпасақ келесі кезең ортақ валюта құру болады» - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер одақ мүшелерінің біріне үшінші бір тараптың (әзірге АҚШ пен ЕО елдері) санкциялары салынған жағдайда экономикалық қиындық тумас үшін бірлесіп шара қолданудың жолдарын іздестіруде.

ZHASALASH.KZ. «Айдар Әлібаев: Қазақстанда бірде-бір реформа іске аспайды» - Үкіметтің осы күнге дейін жіберген қателіктерін ескерсек, үкіметтің отставкасы әлдеқашан пісіп-жетілді.

365INFO.KZ. «Танымал дәрігер Назарбаевтың мықты екенін дәлелдеп шықты» - «Біз қазір нағыз тура жолдамыз соны көрдім. Біздің президент ең ақылды, ең айлакер президент соған көзім жетті. Шынымен, бұл ешқандай жалтақтау, маймөңкелеу емес.  Өтірік жағымпазданбаймын. Мені ешкім қорқытпады. Біздің президент нағыз елдің қамын ойлайтын президент. Саясатты түсінген адамға бізде Назарбаев əлі, кем дегенде, 10 жыл отыру керек.

«Елеусіз «Егемен» немесе БАҚ-қа бөлінген бықыған миллиардтар қайда?» - Белгілі журналист Тоқтар Жақаш өзінің Фейсбуктағы жазбасында елдегі бұқаралық ақпарат құралдарына бөлініп жатқан қаржының із-түссіз кетіп жатқаны жайында ащы шындықты жайып салыпты.

«Қаржыгер доллардың өсуі мен Сұлтановтың әкім болуы арасында қандай байланыс барын айтты» - Үкімет Ұлттық қордан тағы ақша алғалы жатыр. Бақандай 2,5 триллион теңгені. Оны 2019-2020 жылдардағы бюджет тапшылығын жоюға жұмсаймыз дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

AIKYN.KZ. «Банк секторы: көрсетілген қолдаудың қайтарымы бар» - Биыл банк секторында түрлі өзгерістер көп. Ірі банктер бірігіп, ірілі-ұсақты кейбір лицензияларынан айырылып жатыр. 


17 қыркүйек 2018, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.