Атырау, 27 шілде 05:43
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Егеуқұйрық жайлады

4 425 просмотра

Авангард-4 мөлтек ауданындағы №9 үйдің тұрғындары өздеріне егеуқұйрықтар мен тышқандардың шабуыл жасағанын айтып дабыл көтеруде. Ал ПИК болса, ондай проблеманың жоқ екендігін алға тартып отыр.

Алайда, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды деген. Жетінші пәтердің тұрғыны Лариса ПЕТРУКТІҢ айтуынша, таяуда «ММ-19» ПИК жертөледегі тесіктерді тормен жауып тастаған.

- Мұны жабудың керегі жоқ еді,– деп мәлімдейді ол. – Сол жерлердегі тышқандар мен егеуқұйрықтарды аулап жейтін мысықтар енді жертөлеге кіре алмай қалды. Ал кеміргіштер соның салдарынан шамадан тыс көбейіп кетті. Түнде олардың кеміріп жатқан дыбыстары қатты естіліп жатады, ал, бұған біз қатты алаңдаулымыз.

9-ші үйде кеміргіштердің көбейіп кеткендігі рас па? Бұл сауалға жауап берген «ММ-19» ПИК төрайымы Жанна СИСЕНҒАЛИЕВА бұл фактіні мүлдем жаққа шығарып отыр:

– Олардың айтып отырғандары бос сөз. Біз жылына 2 рет жертөлелерді улап отырамыз, тесіктерді  жертөлеге ешкім қоқыстарды лақтырмасын деп бітеп тастадық. Бұл біз үшін проблема болып келген еді.

 «Атырау облыстық дезинфекция» ЖШС директорының орынбасары Александр ДУМЛЕРДІҢ  айтуынша, егеуқұйрықтар мен тышқандарға қатысты проблема қала үшін өзекті мәселенің бірі. Өткен жылға дейін Атырауда дератизация жеті жыл бойына жүргізілген жоқ.

– Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа ақша бөлінген жоқ, ПИК осындай проблемалар туындағанда бізге хабарласып отырды, - деп әңгімеледі А. Думлер. 

Зиянды кеміргіштердің түрлі жұқпалы ауруларды тасымалдаушы екендігін айта кету керек. Сондықтан да осыған жауапты мекемелердің дератизация жұмыстарын  жеті жыл емес, одан жиірек  жүргізулері тиіс қой.

Анастасия ПАСТУХОВА

Айтпақшы, хайуанаттарды жақсы көретіндер арасында  егеуқұйрықтар мен тышқандардың жауы -  қамыс мысығын  асырау сәнге айналған. Қазақстанның Қызыл кітабына енген бұл жыртқыштың саудасы қазір қызып тұр. Ғаламторда қамыс мысығын сатам деушілердің хабарландыруларынан көз сүрінеді. Оның біреуінің құны – 100 мың теңгеден басталады

25 шілде 2012, 21:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.