Атырау, 22 қараша 19:19
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Перзентханаға жеткізгенмен, өмірін сақтап қала алмады-2

3 932 просмотра


Жүкті əйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл туралы арнайы өткізілген брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Қабдрахманова хабарлады.

Бірінші шақырту кезінде əйел ауруханаға жатудан бас тартты, - дейді жедел жəрдем станциясының бас дəрігері Гүлнафис ТАНБАЕВА. – Екінші шақырту 7 сағат 9 минутта түсті, фельдшер жүкті əйелді қарағысы келген, бірақ ол қолдарын сермеп, өзіне жақындатпады. Күйеуі фельдшердің бөлмеден шыққанын талап етіп, əйелдің анасының келуін күтуді сұрады да, есікті жауып қойды. Қанша рет əйелді қарағысы келгенмен, ол көнбеді. Фельдшер жағдайды диспетчерге хабарлап, ол өз кезегінде жүкті əйелді бақылаған гинекологты шақыртуға жіберуді сұрады. Анасы келген соң ғана ол орталыққа баруға келісті.

Жүкті əйелге оттегі қосады, алайда тасымалдау кезінде қалшылдау басталып, аузынан ақ көбік ағады. Сатурация 92 пайызды көрсетті, 0,25%_5.0 магний сульфаты егіледі. Перифериялық көктамырды катетеризация сəтсіз болып, ауа шығарғыш қойылады, бұл арада оттегінің берілуін тоқтатқан жоқ. Алайда əйел перзентханада қайтыс болды.

-Ең болмаса сəбидің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі болмады ма?

Сұраққа облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ жауап берді:

-Дəрігерлер ең алдымен ананың өмірін сақтап қалуы керек. Оған қажетті көмек көрсетілгенмен, құтқару мүмкін болмады.

Оны Алмагүлдегі қалалық перинаталдық орталыққа неге апармады?

Сұраққа Гүлнафис Таңбаева жауап берді:

-Қалалық перзентханада тек физиологиялық босануларды қабылдайды. Əйелдің жағдайы ауыр болғандықтан оны орталық перинаталдық орталыққа апарған. Таңертеңгі уақыттағы жол бойындағы кептеліс пен жедел жəрдем көлігінің алыстағы Жұлдыз ықшамауданынан Авангард ықшамауданына дейін жүргенін ескеру керек.

Брифинг барысында дəрігерлер жыл басынан бері 23 əйелдің үйде босанып қалғандарын айтты.

Фархат АБИЛОВ

Фото автора

15 қыркүйек 2018, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.