AZATTYQ.ORG. «Санкция ықпалына ұшыраған ЕАЭО-ның бүгіні мен болашағы» - Тамыз айы мен қыркүйектің басы Еуразия экономикалық одағына (әрі қарай - ЕАЭО) мүше елдердің валюталық нарығына нағыз сынақ болды. Бұл сынақтан бірінші болып Ресей рублі мен Қазақстан теңгесі "сүрінді". Азаттық ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валютасының құлдырау себебі туралы Қазақстан, Қырғызстан және Ресей сарапшыларынан сұрады.
«Петров пен Боширов: "Солсбериге шіркеуді көру үшін бардық"» - Ұлыбритания билігі биыл наурызда ел аумағына Александр Петров және Руслан Боширов деген азаматтарға берілген Ресей паспортымен барған екі адамның Солсбери қаласында Ресей әскери барлауының бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға қарсы жасалған қастандыққа қатысы бар деп санайды. Кремльшіл RT телеарнасына сұхбат берген Петров пен Боширов Солсбериге "шіркеуді көру үшін бардық" деп түсіндірген.
«Душанбе саяси тұтқындарды босата ма?» - Тәжікстанда 182 саяси тұтқынның туыстары көп ұзамай олар бостандыққа шығып қалар деп үміттенеді. Кей мәлімет бойынша, билік Конституцияның қабылданғанына 24 жыл толуына байланысты амнистия жарияламақ. Алайда ресми тұлғалар ондайды естімегендерін айтады.
«Қытай қалай Қырғызстанның негізгі кредиторына айналды?» - Қырғызстанның Қытайдан алған қарызы көбейіп барады. Сарапшылар Қытай несиесін алу оңай болғанмен қайтару шарттары қатаң екенін айтады.
«НАТО мен Ресейдің әскери жаттығулар "жарысы"» - Биылғы күз әскери маневрлер маусымы болғалы тұр. Ресейдің Қиыр Шығысында өтіп жатқан ең ірі "Восток-2018" әскери жаттығуларына "жауап" ретінде НАТО да сондай ауқымды шара өткізбек.
INFORMBURO.KZ. «Қытайдың "әлемді жаулау" идеясы қалай жүзеге асырылып жатыр?» - Қытай билігінің "жұмсақ күш" саясатына орай, 2050 жылға дейін әлем халқының 35 пайызы қытайша білуі керек. Ал XXII ғасырдың басында әлемнің жарты халқы қытай тілінде сөйлесе алуы тиіс.Бір оқтан өлмейтін алып айдаһардан жасырыну да мүмкін емес. Қытай қысымына түспеу үшін Қазақстанға не істеу керек?
365INFO.KZ. «Досым Сәтпаев биліктегі ауыс-түйістің үлкен зиянын айтты» - Оның айтуынша, қазір саяси элитада демографиялық жаңғыру орын алып, біз тарихи фазаға жақындап қалыппыз.
AIKYN.KZ. «Сыртқы қарыз бен ішкі қарыз қанша?» - Парламент Сенатында мемлекеттік қарыз бен мемлекет кепілдендірілген борыш, квазимемлекеттік сектордың қарызы мәселелері бойынша Қаржы министрлігінің басшылығымен кездесу болды.
QAMSHY.KZ. «Каспий конвенциясы үлкен дауға ұласуы мүмкін» - «Еуразия пікірсайыс» клубының басқосуы «Каспий 2018: әрі қарай не болмақ?» атты тақырыпқа арналды. Шараға шақырту алған сарапшылар осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірін ортаға салды.
«2017 жылдың 12 қаңтары. Майлыбаевтың құпиясы ашылған күн» - Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев шет мемлекеттің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болғаны баршаға мәлім. Алайда осы ынтымақтастықтың егжей-тегжейін көпшілік біле бермейді. Ал дәл осы ақпарат соңғы жылдарда орын алған көптеген оқиғаларды айқындай түсер еді.