Атырау, 11 желтоқсан 12:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Аудан жаңалықтары

7 528 просмотра

Жастар көмектен құр емес

Құрманғазы ауданында жартылай және тұл жетім студенттерге берілетін қаржылай көмекке 174 жас ие болып отыр.

Сондай-ақ «Дипломмен-ауылға» бағдарламасына орай, әлеуметтік сала және ветеринария қызметіне келуге тілек білдірген жастарды қолдау мақсатында үй алу үшін несиеге 43 млн 686 мың теңге, 35 маманға көтерме жалақы төлеуге 3 млн 987 мың теңге бөлінген.

 

Періштесі сақтапты

Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылында 1 жасар бүлдіршін шелектегі суға түсіп кетті.

Баланың періштесі сақтап, ауыр қалде аудандық ауруханаға жеткізілген. Бүгінде беті бері қараған сәби ем алып жатыр.

 

Оларға да жұмыс табылды

Жылыой ауданында жұмыссыздар жәрмеңкесі жүйелі өтіп тұрады.

Күні бүгінде ауданда 6 рет жәрмеңке өткізген «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС 254 адамды түрлі мамандық бойынша жұмысқа алған. Ал «Сенімді құрылыс» ЖШС және «Сичим» ЖШС мүгедек және түрмеде жазасын өтеп, бостандыққа шыққан адамдарды жұмысқа алыпты.

 

Кәсіпкер әйелдерге көмек

«Уралан» қоғамдық орталығының өкілдері облыстағы Жылыой, Мақат, Индер, Махамбет аудандарын

аралап, кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер арасында семинар-тренинг өткізді.

Мұнда логикалық ойындармен бірге, тұтынушы көңілінен шығу, кәсіпкерлікті дамыту барысынан кең түсінік берілді.

 

Жылыойда жаңа әкім

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары болып Нұрадин ӨМІРБАЕВ тағайындалды.

Ол бұған дейін Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

25 шілде 2012, 20:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.