AZATTYQ.ORG. «Сауықтыру орталығын ашқан сырқат перзентті ана» - Алматы облысы Талғар ауданындағы шағын ауылдардың бірінде жергілікті сырқат балаларды қоғамға бейімдеп, сауықтыруға күш салып жүрген "Ақжол-М" орталығының жетекшісі жекеменшік мекемесін "қайырымдылық қаржысымен қызмет етіп тұрған елдегі жалғыз сауықтыру орны.
«Жақсыбековтің саяси карьерасы бітті ме?» - Президент әкімшілігін басқарған Әділбек Жақсыбеков "зейнет жасына толуына байланысты" қызметінен кетті. Жақсыбеков былтыр шілдеде 63 жасқа (Қазақстандағы зейнет жасы) толған болатын. Сол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаев Жақсыбековтің өкілетін 2022 жылғы шілденің 26-сына дейін созып, тағы бес жыл мемлекеттік қызметте қалуына мүмкіндік берген еді. Неліктен 13 айдан соң президент әкімшілігінің жетекшісі "құрметті демалысқа" шығып жатыр?
«Интернетке "діни аудио жүктегендер" істі болды» - Ақмола облысының екі тұрғыны "әлеуметтік желіде діни аудиожазба жариялады және терроризмді насихаттады” деп айыпталды. Айыпталушылар мен жақындары бұл айыппен келіспейді.
«Үкіметтегі өзгерістер туралы министрлер не дейді?» - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов президент жарлығымен Астана әкімі болып тағайындалды. Ал бұрынғы әкім Әсет Исекешевтің президент әкімшілігіне барған. Үкіметте болған өзгерістер туралы министрлер не дейді?
«Астана әкімі туралы "ешкімнің болжамы келмеді"» - Желі қолданушылары Астананың жаңа тағайындалған әкімін талқылап жатыр.
QAMSHY.KZ. «Қырғызды мойындатқан көкпаршы айтқан шындық пен қазақ көкпарындағы "ұрлық"» - Кеше Бекболат Тілеуханның журналистер мен халықтың алдында ағынан жарылған күн болды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы III Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы даулы мәселерге қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берген болатын.
«Паркинсон ауруы қандай жағдайда пайда болатынын білесіз бе?» - Адамзат өміріндегі теңдесі жоқ ең құнды сыйлық және баға жетпес зор байлық – денсаулық. Дана халқымыз «Денсаулық – зор байлық» деп, оған жіті назар аударып отыруды үнемі шегелей түсуі, міне, осыдан болса керек. Өйткені дені саудың жаны сау болатыны айтпаса да түсінікті. Десек те, бүгінгі таңда аурудың түрлері көбейіп, адамдардың одан зардап шегуі шектен тыс ұлғайып барады. Қазақстанда 35 мыңға жуық науқас Паркинсон диагнозымен өмір сүріп жатыр. Жыл сайын олардың қатары 2,5 мың адамға артып отырады екен.
ABAI.KZ. «Жарияланбаған автономия» - 8 қыркүйек – тарихта «Уфа мәжілісі» деген атпен қалған, шешуші, сол кездегі қазақтың, дүйім қазақтың болмаса да, автономия жарияласақ деп жел өтінде жүрген есті азаматтардың үмітін қайта жаққан жиынның басталған күні.
AIKYN.KZ. «"Нұрлы жер" – жарқын бастама» - Тұрғын үй мәселесі – бүгінгі таңда ең өзекті мәселе. Елімізде уақыт өткен cайын баспана жағдайын жақсартуға ниет білдірушілер саны да арта түсуде. Осыған орай, Мемлекет басшысы 2017 – 2031 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берген болатын.
ALASHAINASY.KZ. «”Баспана хит”: Кезекті бағдарлама несімен тиімді?» - Нарықтағы кез-келген баспананы ипотекалық несиемен сатып алатын жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. «Баспана хит» тұрғын үй бағдарламасына қазірден-ақ құжат тапсыра берсе болады.
«"Ішімдікке салындым - өлгім келді". Ильиннің ашық сұхбаты» - Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Sports True бағдарламасына берген сұхбатында спорттан шеттелген соң жарысқа қалай қайтып келгені, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы және басқа да оқиғалар жайында айтып берді.