Атырау, 18 сәуір 22:47
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Туыстары "өртенген" өзбекстандықтар өтемақы талап етті», «Айдос Сарым: Әкім құдай емес, пайғамбардың үмбеті де емес, ал Исекешев...», «Қытайдағы қазақ мәселесіне байланысты делегация тағы келе жатыр», «Қазақстандағы “тұтыну қоржыны” қандай?».

1 893 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Швециядағы сайлауда оңшыл радикалдар көп дауыс жинады» - Швециядағы парламенттік сайлауда миграциялық саясатты қатаңдатуды жақтайтын партия жеңіске жетті. Сайлаушылардың 17 пайыздан астам дауысын алған «Швед демократтары» партиясының бағдарламасында Еуроодақтан шығып, НАТО-мен байланыстан бас тарту туралы пунктер бар.

«Туыстары "өртенген" өзбекстандықтар өтемақы талап етті» - Ақтөбеде автобус өртінен қаза болған 52 өзбекстандықтың кейбірінің туыстары сотта материалдық және моральдық шығын өндіру туралы ауызша талап қойды. Әзірше шығын мөлшері айтылған жоқ. Ал қорғау тарабы өрттен аман қалған өзбекстандықтарды сотқа қатыстыртуды сұрайды.

«Қазақстан көкпаршылары жеңілгенімен "мақсатқа жеткен"» - Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан көкпаршыларының жеңілісі жанкүйерлер арасында шу туғызды. Осыдан кейін елдің ұлттық спорт федерациясы Астанада жиын өткізіп, көкпаршылардың жеңілісіне байланысты түсінік беруге мәжбүр болды.

ABAI.KZ. «Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған - Әбілқайыр хан» - Қазақ хандығының тарихында ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзді басқарған Әбілқайыр ханың үлкен үлесі бар. 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілген кезде осы адамның портреті 50 теңге номиналына орналастырылды.

INFORMBURO.KZ. «Қытайдағы қазақ мәселесіне байланысты делегация тағы келе жатыр» - Қытайдан келген делегацияның мақсаттары қандай? Қытай билігінің этникалық қазақтарға қатысты жүргізіп отырған саясаты жұмсара ма?

«Қазақстандағы халық саны мен ел демографиясы туралы қызықты деректер» - Қазақстандағы халық саны тез өсетін және өспей қалған қалалар мен облыстар туралы деректер. Көрші елдермен салыстыру, түрлі болжамдар туралы.

AIKYN.KZ. «Қазақстандағы “тұтыну қоржыны” қандай?» - Өткен апта төл валюта үшін оңай болған жоқ. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айырбастау пункттерінде 380-ге дейін жетті. Ұлттық валюта құнсызданған сайын, инфляция деңгейі де көтеріле бермек. 

«Жапондарға электрониканы үйреткен қазақ ғалымы» -  Бұл кісі туралы интернет әлі жарытымды ештеңе «білмейтін болып шықты». Орыстілді Google-ды ашып едік, ол да тұқырып, «төмен қарады». Инновациялық технологиялар саласына түрен салған, ұзақ жылдар бойы Жапония мен АҚШ-та дәріс беріп, әлемдік ғылымның өркен жаюына үлес қосқан қазақ ғалымын Назарбаев университетінен таптық. 

QAMSHY.KZ. «Айдос Сарым: Әкім құдай емес, пайғамбардың үмбеті де емес, ал Исекешев...» - Елімізде тіршілік жаңарған уақытта жылда болатын ауыс-түйістің бергі беті көріне бастады. Күні кеше Елбасының жарлығымен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қызметінен босатылып, президент әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.


11 қыркүйек 2018, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.