Атырау, 19 желтоқсан 02:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«"БАҚ заңын жетілдіру" тобының ұсыныстары дау тудырды», «Астанаға мықтылармен тепе-теңдік ұстау "қиындай" түсті», «Еуразиялық одақ? Ойымызды ашық айтатын кез келді», «Теңгенің құлдырау себебін Еуразия одағынан көретіндер бар».

1 955 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"БАҚ заңын жетілдіру" тобының ұсыныстары дау тудырды» - Қазақстанда БАҚ туралы заң қабылданған соң билік заңнаманы қайта жетілдіру үшін тендер жариялады. Тендерде жеңген ғылыми зерттеу тобы заңға қатысты ұсыныс дайындап жатыр. Ақпарат және коммуникация министрлігі ұсыныс көңілге қонса, БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізуі мүмкін екенін жеткізді. Ғылыми зерттеу тобы ұсынған кейбір ұсыныстармен баспасөз қорғау ұйымының өкілдері келіспейді.

«Астанаға мықтылармен тепе-теңдік ұстау "қиындай" түсті» - Шетелдік баспасөз Каспий бойынша келісімге қол қоюға қатысты пікірлер жариялап, Қазақстанның Қытай, Ресей және АҚШ мүддесі арасында тепе-теңдікті табуы "қиындай" түскенін айтады. ENRC компаниясы ірі көлемде пара алуға қатысты Лондондағы сотта жеңіске жеткен. Сондай-ақ, БАҚ боксшы әрі Мәжілістің бұрынғы депутаты Серік Қонақбаевтың AIBA президенттігіне ұсынылғанын жазған.

«Гүлнара Каримованың мүлкі мен мұрагерлері» - Қыркүйектің 4-і күні Стокгольм сотында басталған процесс кезінде швед прокуроры Гуннар Стетлер Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримованың қасында жүргендердің (Гаяне Авакян мен Рустам Мадумаров) атына тіркелген оффшорлық компания мен оған тиесілі акциялардың нақты иегері Каримованың өзі екенін растайтын деректер ұсынды.

«Теңгенің құлдырау себебін Еуразия одағынан көретіндер бар» - Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің күрт құнсыздануын Ресейге салынған санкциялармен байланыстырды. Қоғамдық белсенділер мұны Еуразия экономикалық одағының салдары деп санайды. Кей сарапшылар ел экономикасының диверсификацияланбауы – ақшаның құнын жоғалтуына негізгі себеп дейді.

DALANEWS.KZ.  «Еуразиялық одақ? Ойымызды ашық айтатын кез келді» - Бұл жағдайды саясаттанушы Досым Сатпаев Қазақстан мүше боп табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың нағыз сыналып жатқан кезі деп бағалайды. Ол не болатын болады, не болмайтын болады.

AIKYN.KZ. «Қазақстанда жалақы неге аз?» - Аз айлықпен күн көріп, бір емес бірнеше жұмыс істеп жүрген жандар қаншама?! Түптеп келгенде, мәселенің бәрі ақшаға келіп тіреледі. Сол үшін адамдардың көпшілігі еңбекте табысты болуға ұмтылады, жоғары лауазымды қызмет атқарғысы келеді.

«Қазақ қаламгері қандай болуы тиіс?» - Жаңа заман қаламгері қандай болуы керек? Ғасырлар бойы қалыптасқан қағидалар қаншалықты өзгеріске ұшырайды? Әдебиет айдынындағы мәселелердің халықаралық деңгейде талқыға түсетін кезі келді.

«Оралхан Бөкейдің күйігі мен биігі» - …Тоқсан екiншi жылдың басында жұмыссыз жүрдiм. Қырықтың қырқасына ендi шыққан адамға үйде отырып қалу қиын болады екен. Үйде отырсаң – үйге сыйың жоқ. Бала-шағаның алдында да беделiң қалмайды. «Мына кiсiнiң баратын жерi жоқ па?» деп мүсiркейтiндей. 

365INFO.KZ. «Сәтпаев, Әуезов, Бекмахановтың халық жауы болғаны рас па?» - Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері елі, жері, отаны үшін жан беріп, жан алысқан арда азаматтардың атында елдімекендер, көше аттары көптеп беріліп келді. Әлі де берілуде, алдағы уақытта да солай болары анық.

«Қыркүйектің ортасында…» - 1 АҚШ доллары алдағы үш ай ішінде 400 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.


10 қыркүйек 2018, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.