Атырау, 26 желтоқсан 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстанда қаржы пирамидаларына тыйым салынатын болады

1 952 просмотра

Алдағы уақытта Қазақстан аумағында қаржы пирамидаларының жұмыс істеуіне тыйым салынатын болады, деп мәлім етті сәрсенбі күні ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко.

«Алдағы уақытта Қазақстан аумағында қаржы пирамидаларының жұмыс істеуіне тыйым салынатын болады», - деп мәлім етті Ұлттық банк басшысы Profinance.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында.

Марченко еске салып өткендей, Қазақстан халқы мүддесін қорғау мақсатында ҚР Бас прокуратурасы құзырлы мемлекеттік органдармен біріге отырып, 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне ҚР аумағында қаржы пирамидаларын құрған және жұмысын ұйымдастырған адамдарды жауапқа тартуды жайы қарастыратын түзетулер енгізу жобасын құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының аумағында қаржы пирамидаларының тарауына қарсы тұру бойынша ҚР Үкіметі бекіткен Іс-шаралар жоспарында көрініс тапқан.

Ұлттық банк басшысы көптеген елдерде (Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Франция, Германия, Италия, Иран, Жапония және т.б.) қаржы пирамидаларының жұмысына тыйым салынғанын айтып кетті. Осы тұрғыда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тек қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ғана емес, сондай-ақ оның қатысушылары да жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Дереккөз: BNews.kz

25 шілде 2012, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.