Атырау, 18 сәуір 06:38
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Челахқа психологиялық қысым жасалғандықтан ол жабылған жаланы мойындады

3 758 просмотра

Владислав Челах «Арқанкерген» шекара заставасындағы 15 адамды өлтіргенін психологиялық қысым жасалғандықтан мойындады. Бұл жайында шекарашының қорғаушысы Төлеген Берліқожанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. 

«Біз қазір Владислав Челах жатқан изоляторда болып, онымен кездестік. Ол қылмыс жасағанын мойындап, өзі берілгенін және осыған дейін берген түсініктемесінен бас таптып отыр. Басында-ақ ол бұл жаладан бас тартқан болатын. Бірақ, неге екені белгісіз, кейіннен мойындады. Ал қазір психологиялық қысым жасады, қорқытты, ғұмыр бойы бас бостандығынан айырылу қаупінен құтқарамын деген уәде берді және тағы сол сияқтыларды негізге алып, ол берген түсініктемесінен бас тартып отыр», – деді қорғаушы BNews.kz тілшісіне. 

Дереккөз: BNews.kz

25 шілде 2012, 18:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.