Атырау, 24 сәуір 01:55
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Министрлер тағы да мүлт кетті», «2006 жылы Қазақстанда донор аймақтардың саны – 12. Қазір қанша?», «Бастауыш сынып – балық сияқты…басынан шірімесін десек, не істеу керек?», «Отырар тарихын бұрмалау кімге тиімді?», «Мен bolashaker емес, kelesheker-мін».

1 897 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ресей пана іздеген гейлерді қалай қарсы алды?» - Соңғы жылдары Ресейде гомофобия өршіп кеткендіктен, жыныстық азшылық өкілдері бұл елден көп кетіп жатқаны мәлім. Ал, шетелдіктердің шағын бөлігі керісінше, Ресейден пана іздеп жүр.

INFORMBURO.KZ. «2006 жылы Қазақстанда донор аймақтардың саны – 12 болатын. Қазір қанша?» - 2018 жылы бюджетке түсетін түсімдердің барлық аймақтарда қысқарғаны байқалыпты. Осы жылдың қаңтар айында 284,6 млрдтың орнына 264,1 млрд теңге ғана түскен. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай Астанада да байқалған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Астана бюджеті 27,6 пайызға кеміген.

AIKYN.KZ. «Бастауыш сынып – балық сияқты…басынан шірімесін десек, не істеу керек?» - Адами капитал турасында сөзталқы көп. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа жолдаған Жолдауында «білім беру саласына экономиканың өзіндік инвестициялық жобалары мен экспорттық потенциалы бар жеке-дара сала ретінде қарауымыз керек» деген болатын. 

«Мен bolashaker емес, kelesheker-мін» - Тоқтар Әлімбеков – Шымкент қаласындағы Chaplin’s компаниялар желісінің негізін қалаған жас кәсіпкер, U:projects әлеуметтік жобасының авторы. АҚШ-та алған білімін туған қаласын дамытуға жұмсап жүрген Тоқтар бүгінгі материалда «инженер боламын» деген бала арманынан неге бас тартқанын, «шымкенттік» болғаны үшін қандай дискриминацияға ұшырағанын, «алып қашудың» неге ескірген стереотип екенін және Гарвардқа оқуға түскен бірінші шымкенттікке өз атынан қандай сый дайындағанын айтып берді.

ABAI.KZ. «Отырар тарихын бұрмалау кімге тиімді?» - Жуырда ұзындығы жарты метрге жуық, салмағы 8 келіден асатын 2 томдық, 552 беттен тұратын «Отырар» тарихи-этнографиялық альбомдар жинағы жарық көрді. Түркістан облысы, Отырар ауданының қысқаша тарихы мен сол ауданның халқының есінде сақталған біртуар перзенттері туралы мәліметтер берілген екен. Бұл альбомдарға миллиондаған қаржы жұмсалғанын, Түркияда басылып шыққанын сұрап білдік.

QAZAQUNI.KZ. «Министрлер тағы да мүлт кетті» -Төл теңгеміз жыл сайын ғана емес, апта аралатпай-ақ құлдырап, құнсызданып барады. Инфляция деңгейі экономика мен қаржы саласына жауапты, білікті деп сенім артқан министрлеріміздің алдынала есептеп, белгілеген межесінен асып кетері бүгіннің өзінде белгілі болып отыр, ол үшін балгерге барып бал ашқызудың да қажеті жоқ. Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа қазіргі орын алған жағдайды баяндап, әкім-қаралар нарықты қымбатшылықтан құтқару үшін алдын ала қамдану қажет деп «пайдалы кеңес» берді. Бұнысы жау келіп ордамызды талқандап кеткен соң «Аттан!» деп ұрандағанмен бірдей болып шықты.

EGEMEN.KZ. «Отандық киім неге қымбат?» - «Танымаған жерде тон сыйлы» деген қазақтан қалған бір тәмсілдің астарында терең мән бар. Қай заманда да келісті, көркем, сымбатына сәні сай киіне білген тұлғалар жұрт назарында. Адам көркі – шүберектің түр-түрі бар десек, жан қалауыңызға жақын келісті киім тіктіріп, төрткүл дүниенің кез келген бұрышынан ұнатқан үлгіңізге тапсырыс беруге бүгінде мүмкіндік мол. Оның үстіне, маусым сайын жаңа трендтерге негізделген киім үлгілерінің мыңдаған түрін шертіп жүріп таңдауға болады. 


7 қыркүйек 2018, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.