Атырау, 25 желтоқсан 12:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Челах берген түсініктемесінен бас тартты

2 611 просмотра

Владислав Челах «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтірді деген айып бойынша берген түсініктемесінен бас тартты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында күдіктінің атасы Владимир Челах мәлім етті. 

«Бұл менің сөзім емес, бұл - қорғаушының сөзі, мен сол сөздерді тек растап отырмын. Ол маған мұны бүгін айтты. Кеше оны Алматыдан Талдықорғанның уақытша ұстау абақтысына алып кетті. Қазір қорғаушылар онымен кездесіп жатыр», - деді Владимир Ефремович.

ҚР Бас әскери прокуратурасы BNews.kz тілшісіне аталған жайт бойынша сәл кейінірек түсініктеме беретіндіктерін жеткізді.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Владислав Челахтың анасы мен атасы ұлдарымен кездесуге Алматы облысына аттанды. Бұдан бұрын Бас прокуратура шекарашы Владислав Челах Алматы облысы «Арқанкерген» шекара заставасында өз қызметтестерін қырып салғанын мойындады деп ресми мәлімдеген болатын. 

30 мамырда шекара жасағы «Арқанкерген» шекара заставасының өртенген ғимаратын анықтады. Сол күннің ертесіне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылық қызметі Алматы облысында 13 адамның - 12 шекарашы мен бір қорықшының қаза болу оқиғасын растады. 

Кейін тағы екі сарбаздың сүйегі табылғаны белгілі болды. Соңғы шекарашы қарағандылық Владислав Челах тауда жүрген жерінен тірідей қолға түсті. 

Дереккөз: BNews.kz

25 шілде 2012, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.