Атырау, 20 сәуір 18:15
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Ауыс-түйіс-2018: Кім, қайда барады?», «Елбасы кімге сенеді?», «Түркі елдері үлкен одақ бола ала ма?», «Боксшыларымызды жерге қаратқан Жакарта», «Латын әліпбиіне көшуге не кедергі?», «Ұлттық валюта бағамына қандай факторлар ықпал етуде?».

2 456 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Соғыс кезіндегі өкілеттікті "анықтайтын" тұжырымдама» - Екі апта бұрын қоғамдық талқылауға ұсынылған "соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі" заңнамаға түзету енгізу туралы жоба тұжырымдамасына (онда Қазақстанда тұрақсыздық болса, онымен күресу үшін "гибридтік" әдіс қолдану мүмкіндігі туралы жазылған) ешбір пікір айтылмады. 

«Ұлттар лигасы турнирі Қазақстанда басталады» - Қыркүйектің 6-сы күні Еуропада жаңа футбол турнирі – Ұлттар лигасы басталады. Жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Бұл қандай жарыс? Турнир арқылы Еуропа чемпионатына қалай жолдама алуға болады?

«Ұлыбритания "Скрипальді улаған - ГРУ агенттері" деп біледі» - Ұлыбритания үкіметі осы елдің Солсбери қаласында тұрып келген бұрынғы ГРУ агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге у беріп қастандық жасаған екі күдікті туралы мәлімет жариялап, оларды "ресейлік арнайы қызмет агенттері" деп сипаттады.

«Фердауси мектебінде хиджаб дауы ушықты» - Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Фердауси атындағы орта мектептің хиджаб таққан қыздарды сабаққа кіргізбей жатқанына бүгін үш күн болды. Наразы ата-аналар мектеп алдына жиналды. Ал директор министрлік бұйрығына сүйенеді.

«Джалалуддин Хакканидің қалдырған "мұрасы"» - Ауғанстанда ең қандықол экстремистік топты құрған Джалалуддин Хаккани қайтыс болды. Оның артында әлі ондаған жылдар бойы зардабы қалатын, қан сасыған "мұрасы" қалды.

«Тәжікстанда имамдар Ленин ескерткішін қалпына келтірді» - Тәжікстанның оңтүстігіндегі Шахритус ауданының дін қызметкерлері пролетариат көсемі Владимир Ленин ескерткішінің бұзылған бөлігін қалпына келтіріп бояған.

INFORMBURO.KZ. «Латын әліпбиіне көшуге не кедергі, қандай қиындықтары бар?» - Латын әліпбиін түзу мен емле ереже құрастыруда мамандар әлі бір шешімге келе алмай отыр. Кейбір ғалымдар алдымен қазақтың төл дыбыстарын анықтап алуды ұсынады.

TURKYSTAN.KZ. «Боксшыларымызды жерге қаратқан Жакарта» - 2 қыркүйек күні 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. Индонезия астанасы – Жакарта мен Палембанг қалаларында өткен байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының спортшылары 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль жеңіп алды. Жалпы есепте 76 медаль жинаған Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 9-орында қорытындылады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Азия ойындарында тіркелген ең төменгі нәтиже.

ULT.KZ. «Ауыс-түйіс-2018: Кім, қайда барады?» - Күз келгелі Ақорда жақтан Үкіметтегі ауыс-түйіс туралы әңгіме желдей есе түсті. Саясаттанушылар сан түрлі жормал жасап, «тағайындаулар» тақырыбын тереңірек қаузай бастады. Журналистер де желдей ескен ақпарды сан-саққа жүгіртіп, анық бір өзгерістің болатынынан нықтай түскендей. Біз бүгін болуы мүмкін өзгерістің алдын алып, аз-кем болжам жасауды ұйғардық.

«Түркі елдері үлкен одақ бола ала ма?» - Түркі елдері одағы туралы ақпарат оқтын-оқтын ақпарат көздерінде қылаң бергенімен, әлемді елең еткізер аса бір ірі сөздер айтыла қоймады. Бірлі-жарым орыс тілді ақпарат көздері «Орта Азияға Түркі кеңесі неге қажет?» деген сұрау төңірегінде материалдар жариялады. Осы кезеңде Ресейдің «Пантүркизммен күреске 8 миллион рубль ақша бөлгені» туралы да ақпарат қылаң берді. Түркі баласының бірігуінен өзгелер алаңдай ма? Сұрақты басқаша қойсақ, Түркі елдері өзгені алаңдататындай «түркі бірлігін» қалыптастыра ала ма?

QAMSHY.KZ. «Елбасы кімге сенеді?» - Елбасының жанында кей шенеуніктер бірнеше жылдан бері жылы орындарын ғана ауыстырып қызмет атқарып жүр. Елбасының сенімі мен қолдауының арқасында бірқатар шенеуніктер саяси ойынның беделді ойыншысына айналған секілді.

EGEMEN.KZ. «Ұлттық валюта бағамына қандай факторлар ықпал етуде?» - Төл валютамыздың долларға шаққандағы бағамы ай аралатпай жатып тағы құлдырап, 1 АҚШ доллары 370 теңгені төңіректеді. Ал Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев алдағы жылдары инфляция көлемі артуы мүмкін екенін тағы ескертті. 


6 қыркүйек 2018, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.