Атырау, 25 желтоқсан 12:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«Самұрық-Қазына» Атырау облысы әкімінің мәлімдемесіне қатысты шағымданды

2 974 просмотра

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Атырау қалалық мәслихатының сессиясында облыс басшысы Бергей Рысқалиевтің ірі кәсіпорынның балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерден шығару туралы тапсырма бергендігі бірқатар республикалық БАҚ-тарда жарияланған болатын.

Онда бұл пайымын мұнайшылардың мұғалімдер мен дәрігерлерге қарағанда бірнеше есе жоғары жалақы алатындығына негіздеген облыс басшысы: «Мұнайшылардың балаларын мемлекеттік балабақшаларға қабылдасаңыздар жауап беретін боласыздар. Мониторинг жүргізуді бастап, ірі мұнай компаниялары балаларын шығарыңыздар. Сонда ғана аталған кәсіпорындардың басшылары қызметкерлері шу шығарғаннан кейін ойлана бастайды. Басшылар біздердің қарапайым жиналыстарда айтқан жай сөзімізге түсінбейді. Сіздер кәсіпорын басшыларына тағы бір мәрте ескерту жасау үшін бір апта уақыт береміз», - деп түсіндірген еді.

Осыған орай «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы Әлеуметтік әріптестік орталығы жасаған арнайы мәлімдемеде Б.Рысқалиевтің бұл бастамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетіндігі баса айтылған.

«Аталған іс-әрекетті әлеуметтік араздықты ушықтырудың үлгісі ретінде  қарастыруға бола ма? Бұл айтарлықтай әлеуметтік бөлшектенуге әкелмей ме?», - делінген.

Сондай-ақ Әлеуметтік әріптестік орталығы Б.Рысқалиевтің ойлабастан әрі жауапсыздықпен айтқан сөзі беделқұмарлықтың үлгісі болып табылады әрі шынайы жағдайды білмеуден туындап отыр деп санайды. Бұл ретте, облыс басшысының мұнайшылардың қай санатының балалары балабақшадан қуылатындығын анық көрсетпеген. Өйткені мұнайшы болып тек компания басшылары ғана жұмыс істемейді. Олардың қатарында қарапайым жұмысшылар, көпбалалы аналар, жас мамандар бар әрі жалақылары да айтарлықтай жоғары емес. Облыс әкімінің мұнай компанияларына балабақшалар салуға мәжбүрлеу фактісі Мемлекет басшысының бұл өңірде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасының орындамағанын көрсетеді.

«Осыған орай Әлеуметтік әріптестік орталығы Б.Рысқалиевтің мәлімдемесіне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық баға беруі қажет деп санаймыз», - делінген мәлімдемеде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 шілде 2012, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.